altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
АҒЫТАЙ АҚЫН МҰРАСЫ ЖАЙЫНДА
09.04.2020
1268
0
МӘДЕНИ МҰРА


АҒЫТАЙ АҚЫН МҰРАСЫ ЖАЙЫНДА

 
Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы 
облыстық мұражайының 
ғылыми қызметкері
 

 
Ағытай Әлсүгірұлы Торғай өңіріне кеңінен танылған ақындардың бірі. Торғай атырабында  Ағытай жайлы сөз бола қалса «Е, Қарамойын Ағытайды 
айтамысың. Ол «Он екі үйрек» әнін нақышына келтіріп айтатын жан еді ғой» деп тамсана айтатын көнекөздер әлі де болса кездесіп қалып жатады. Дегенмен ақын шығармашылығына әліде болса зерттеу жұмыстары жүргізілген емес. Біздің бұл мақаланы жазуымыз кезінде де Ағытай ақын жайлы деректерді азар дегенде қолға түсірген жайымыз бар. Ақын жайындағы алғашқы деректі біз 1944 жылы шыққан Қостанай облыстық «Коммунизм жолы» газетінен таптық. Мұнда белгілі ақын Сырбай Мәуленов «Құмкешудің жазығында» атты мақаласында Ағытайдың бірнеше шумақ өлеңін келтіреді. Сонымен қатар осы  «Коммунизм жолы» газетінің 1957 жылы шыққан №216 санында Бақыт Имановтың Ағытайдың 1916 жыл жайында айтқан естелігінің негізінде жазылған  «Көкшулан» атты очеркінде ақынның көтеріліс кезіндегі іс-әрекеттері туралы баяндалған.  Одан кейінгі дереккөзіміз Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі, өзі де ақын Қабден Байқасыновтың «Құмкешулік ақындар» атты мақаласы болды. Ақынның ұлы Қалқаманның да бізге берген деректері өз септігін тигізді.
 
Ағытай Әлсүгірұлы 1883 жылы Торғай өңіріндегі Құмкешу атты мекенде дүниеге келген. Ел ішінде өзінің шыққан руымен Қарамойын Ағытай атанған. Ескі шежіре бойынша ақынның ата-тегі Қарамойын – Абыл – Тәттібай – Оспан – Күнтубай – Әлсүгір – Ағытай болып таратылады. Ақынның бала кезінен ән-жырға әуес болып, қызығушылығын оятқан оның әкесі Әлсүгір болған.  Себебі Әлсүгірдің өзі де Торғай өңіріне белгілі ақын болған кісі. Ол 1856  жылы  дүниеге келген.  Өзі өмір сүрген аймақта беделімен аты шығып, кезінде болыс сайланған. Тобыл-Торғай өңіріне аты шыққан Нұржан Наушабаев, Аяп Ермекұлы секілді ақындар Ағытайдың бала күнінен танып-біліп, үлгі-өнегесін көрген ақын-жыраулары. Қарақоға болысында мекен еткен Қарамойын Шігерұлы Масақ, Түменұлы  Әлжан ақындарда Әлсүгірдің үйіне жиі ат басын бұрып, сауық-думан қылып жүрген. Дегенмен өлеңді суырыпсалып айтқан Әлсүгірдің шығармалары сақталмаған. Халық арасында Наушабайдың Нұржанының Әлсүгірге айтқан өлеңі сақталған. Онда былай делінеді:
 
Атақты ақын Нұржан Наушабаев Торғай елімен жиі араласып, келіп тұрған. Мұнда оның таныстары, достары көп болғанға ұқсайды.
 
Қарамойын Әлсүгір ақын Нұржанмен құрдас екен. Бір кездескенде әзіл арасында «қалың қалай, қартайған жоқсың ба?», - дейді. Сонда Нұржан былай жауап береді:
 
Бұрынғыдай бола алмай жүр Нұржаның,
Кеміп барады күн-күн санап ыржаңым.
Қартайдың деп қатын ақыл айтқанда,
Тер шығады, шықпай қалад құр жаным[1].
 
 
Осындай әкеден тәлім алып өскен Ағытай жас шағынан ақындыққа ден қоя бастайды. Әсіресе жоғарыда аталған Аяп ақыннан көп үлгі алады. Ақынның сүйіп айтатын «Он екі үйрек» әні осы Аяп ақынның туындысы. Бұлардан басқа  Торғай өңіріне белгілі Шаңдаяқ, Өсіп секілді ақындармен бірге көп жүрген. Олармен талай өнер бәсекесіне түскен. Торғай жәрмеңкесінде Өсіп ақынмен айтысқан. Аталған Торғай жәрмеңкесі ақынның көп өнер көрсеткен жері. Осы жерде кейінгі жас ақындар Ағытайдың өнерінен үлгі алған. Мысалы Ғабду-Жәлел  Қарабала өзінің Нұрхан жайында жазған мақаласында ақынның Құмкешуде Ағытайдың жақын қарындасымен кездескендігі туралы былай деп жазады: «Осы ауылда Аманкелді батырдың заманында болған бір адамға жолықтық. Бір ғажабы, Нұрекең, қарт әйелге бар ынтасымен көңіл бөліп, әңгімесін тыңдады. Ақын осы кісіден болашақ шығарманың арқауын тапқандай болды. Сол жылдары ол Аманкелді дастанын көлемді етіп жазу толғанысында еді. 
 
Қарт әйел:
 
- Қарақтарым, менің жасым жетпістен асты. Көп әңгіме білмеймін. Ал 
туысым өздеріңе белгілі Ағытай деген осы елден шыққан ақын кісі... – дегенде, Нұрекең, таңданағандай қалыппен:
 
- Міне, қызық, сіз Ағытай ақынның жақынысыз ба? Әңгіменің додасы 
сізде болды ғой. «Қыпшақтың Қарамойын ақынымын, Бәкірдің Қауменұлы жақынымын» деп кешегі Торғай жәрмеңкесінде Ақаң ат үстінде ән салатын. Біз бала кезімізде оның соңынан қалмай жүретінбіз,  – деді де Нұрекең бұрынғыдан да ынтыға түсіп, сұрақтарын жалғастырды[2, 171 б]. 
 
 
Нұрхан кейін өзінің Аманкелді дастанында Ағытай ақынның 1916 жылғы көтеріліске қатысқан кезінде елдің рухын көтеруге үлес қосқандығын, сарбаздардың бел ортасында жүргендігін жеткізеді.
 
Ағытай тастады елді әнге көміп,
Көрген жоқ топта Шеге бір бөгеліп.
Жөнелді Жұмабай да желдей есіп,
Жорғадай кәрі тарлан дөңгеленіп [3, 171 б].
 
 
Бұдан біз Ағытайдың елдің азаттығы жолындағы күреске белсене араласқанын көреміз. Ақынның сол тұстағы ерліктері туралы Бақыт Иманов та облыстық «Коммунизм жолы» газетіне жазған болатын. Дегенмен Нұрхан секілді кейінгі ақындар Ағытай мұрасын жинағанымен, оның көпшілік мұрасы әлі күнге дейін белгісіз болып жатыр. Оған ақынның көптеген жылдар сыртта жүруі себеп болса керек. Ағытайдың сыртқа кетуіне 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен одан кейінгі кезеңдегі дүрбелең уақыт ықпал еткен.  Ақынның ағасы Болатай (Бөлтай) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде тұтқынға алынған. Бұл жайында Торғай уезінің басшының көмекшісі Ткаченконың 1916 жылдың 28 қарашасында уезд басшысына жасаған рапортында баяндалған [4, 99-103 б]. Онда Қарақоға болысының № 6 ауылынан  Қасен Қанаев, Садық Тоққұлов, Бөлтай Әлсүгіров, Ерғазы Бейбітовті патша үкіметінің өкілдері Николай Шишков пен Василий Архиповқа қарулы шабуыл жасағаны үшін тұтқындағаны туралы хабардар етеді. Осы жолғы сапарында Ткаченко отрядымен Кәрібоз Қабақұлы бастаған қазақ  жасақтары Татыр көлінің жағасында кездесіп, қарулы қақтығыс болған. Осы қақтығыс кезінде Ткаченко отрядындағылар бірнеше тұтқынды атып кеткен.  Ағытай ақынның ұрпағы Қалқаманның айтуы бойынша Болатайда (Бөлтай) сол дүрбелең жылдары қаза тапқан. Әлсүгірдың басқа балалары да болыс тұқымы, бай баласы ретінде қысым көре бастайды. Ағытай ағасы қаза тапқаннан кейін, бас сауғалап, шекара асып Ресей жеріне барып паналайды. Тек өмірінің соңғы кезеңдерінде ғана туған жеріне оралып, 1959 жылы өзі туған Құмкешу ауылында  өмірден өткен.
 
Ағытайдың бізге келіп жеткен шығармалары санаулы ғана. Көпшілігі үзік-үзік қалпында. Мысалы, ақынның Торғай жәрмеңкесінде Алтыбас Өсіппен болған айтысының  бірнеше шумағы ғана сақталған. Біз мұны Ағытайдың ұлы Қалқаманнан жазып алған болатынбыз (19.01.2017).
 
 
Бірде Алтыбас Өсіп ақын Торғай жәрмеңкесінде сырнаймен ән айтып отырғанда, жәрмеңкенің екінші шетінен Ағытай келіп ән шырқай жөнеледі. Оның әншілігі Өсіптен басым болса керек, жиылған халық  сол Ағытай тұрған жаққа ауып кетеді. Өсіп ақынның көзі зағип екен. Өзінің несібесін жәрмеңкеде өлең айтып тауып жүрген оған Ағытайдың мына қылығы қатты батып, өлеңдете жөнеледі:
 
Торғайдың жәрмеңкесі екі көше,
Аман бол, Ағытайжан, мен көргенше.
Соқырдың бір олжасын тартып алдың,
Жағаңда екі қолым өле-өлгенше.
 
Сондағы жауап ретінде Ағытайдың айтқаны мынау:
Торғайдың дуанасы әлденеше,
Өзіңде хош есен бол мен көргенше.
Ешкімнің мен олжасын алғаным жоқ,
Әркімнің несібесі теріп жесе.
 
 
Ағытаймен айтысқан осы Өсіп ақын туралы да кейінгі кезеңде мүлде айтылмай жүр. Іздеушісіз, зерттеусіз жатқан ақындардың бірі. Сөз ұстар деген көнекөздерден сұрасаң оның да алақұйын ақындығы болғандығын, өлеңді сырнаймен айтатындығын айтып заулата жөнеледі. Тіпті осы Ағытаймен айтысын ел ішінде өз мақамдарымен айтатын жыршылар (мысалы Ғазиз Әбдірахманов) болғандығын айтады. Өсіп сонымен қатар белгілі халық ақыны Сәт Есенбаевпен айтысқа түскен.  Мұны да келтіре кеткен артық болмас. Бұл айтыс 1914 жылы Өмірбеков Өтеулі болыстың үйінде болған. Өсіп көзі көрмегендіктен басқа кәсіппен айналыса алмай, нәсібін тіл құдіретімен, сөз  күшімен тапқан. 
 
Оның сол жиында Өтеулі болысты мақтап айтқан сөзі мынау:
 
Болыс болып Өтеулі,
Бөтен деп елді білмедің.
Ерегескен адамды,
Қайыстай басып иледің.
Аруағың артып халықтан,
Тақымыңда сүйредің.
Патша қолдап сөзіңді,
Хандар қолдап өзіңді.
Қатарыңнан артылып,
Болып тортқа(?) кеудеңді.
 
Сонда Өсіптің Өтеулі болысты мақтаған сөзіне Сәт былай депті:
 
Мақтамаймын болысты,
Әділдігі болмаған.
Нашарларды жылатып,
Мықтыларды қолдаған.
Орынсыз өкім, күш қылып,
Кедейлерді қорлаған.
Құлдыққа жұмсап баласын,
Аюандай қинап қорлаған.
Айыратын болыңдар,
Жақсы менен жаманды,
Бір ұстаса адамды,
Ақылменен айырып,
Адал менен арамды.
Азғантай асқа қызығып,
Адамдары табанды.
Тура тапсақ кәламды,
Осылар болар данам-ды.
Осылай ақыл ойлай біл,
Керек те емес парашыл[5].
 
Біз Өсіптің бұл өлеңін Алматы қаласындағы Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазба қорынан алдық. Осы қолжазба қорында біздің мақаламыздың негізгі тақырыбы болып отырған Ағытай Әлсүгірұлының да бір дастаны сақталыпты. Ақынның «Обыр қатын» деп аталатын бұл хикая-дастаны 1946 жылы Қостанай фольклорлық экспедициясы кезінде жазып алынған [6]. Ағытайдың бұл жыры нәзира дәстүрімен жырланған.  Сюжеті «Мың бір түн» хикаяларынан алынған. Дәл осы оқиға желісімен жырланған Базар жыраудың «Әмина қыз», Сейдахмет Бейсеновтің «Жігіт пен әйелі», Кете Жүсіп Ешинязовтың «Сұрмерген» атты дастандары бар. Мейрам Жанайдарұлының 1895 жылы «Дала уәлаяты» газетінде жарық көрген «Мың бір түн хикаясы»  дастанында да осы оқиға кездеседі. Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінің құрамында осы сюжетпен үндес «Ақбай» атты ертегі де бар. Жырдың оқиға желісі мынадай: «Мейрам патшаның заманында өмір сүрген бір жігіттің өзіне біткен малдан жалғыз байталы болады. Жігіт оны өзімдікі екен демей әбден қинайды.
 
 Ақын оны былай суреттейді:
 
...Қинайды күнде шауып сол байталды,
Қызыл жоқ қырып алар қоң мен жалдан.
...Қараңыз мына сөздің мәнісіне,
Қыс болса байлап қояд қар үстіне.
Қинайды қысы-жазы сол байталды,
Малым деп жабу жаппас және үстіне.
 
Мұны ел сол елдің патшасына жеткізіп, ол жігітті шақырып алып, бұл ісінің мәнін сұрайды. Егер жазықсыз қинаған болса жазаға тартпақ болады. Жігіт өз басынан өткен оқиғасын айтады. Жасынан жетім қалған жігіт шаһар аралап жүріп, бір сұлу қызды ұнатып, үйіне әкеліп некесін қиып, өзіне жар етеді. Бірақ жігіттің үйленген қызы өзінің күйеуімен бірге отырып ас ішпейтін болады. Мұның себебі неде екендігін білмекші болған жігіт өзінің таңдап алған жарының түнде қала шетіндегі молаға барып, өлген адамды жегенін көреді. Жарының обыр екендігін біледі. Келесі күні қызметшісіне тағам дайындатып, әлгі обыр әйелге береді. 
 
Оның астан алмағанына ашуланып:
 
Бұл тағам кісі етінен арам ба деп,
Жегенде адам етін көрден алдың, – деп қамшымен салып 
қалады. Әйелі бұған ашуланып, сиқырлап итке айналдырады. Итке айналған жігіт үйден қашып шығып, базардағы нан сатушының жанына еріп жүреді. Бір күні нан сатушыға келген алаяқтың «фалшы» (жалған) ақша бергенін танып, елге «жалған ақшаны айыратын» ит бар деп аты шығады.  Солай жүрген шағында оны бір кемпір келіп ертіп әкетіп, үйіндегі шәкірт қызына алып барады:
 
Сені мен оқытым ем он жеті жыл,
Шырағым осы иттің анығын біл.
Дүниядан жақсы да өтер, жаман да өтер,
Болмасын азып жүрген бір қызыл гүл, –  деген кемпірдің 
сөзіне
Қыз айтты:
- «Мен білемін адам, - деді,
Жөндеуге келер ме екен шамам, - деді.
Бар еді бұл шаһарда бір обыр қыз,
Бір болса бұған залал сонан, - деді.
 
Бұл қыз жігітті қайтадан адам қалпына келтіріп, оның обыр әйеліне қарсы сиқырды үйретеді. Жігіт сол қыздың көмегімен өзінің обыр әйелін сиқырлап байталға айналдырады. Өзі кемпірдің қызын алып бақытты ғұмыр сүреді».
 
Жалпы адамның аңға, құсқа, айналуы «Мың бір түн» желілерінде жиі кездесетін сюжеттердің бірі. Бірақ олар аңға айналғанымен адамдық ойлау жүйесін, санасын сақтап қалады. Әдетте адамды аңға айналдыратын кейіпкерлер әйел бейнесінде болады. Олардың негізгі құралы – су. Суды дуа оқып, шашады.
 
Жоғарыда аталған дастандар (оның ішінде Ағытайдың дастаны да бар) «Мың бір түндегі» Нұғманның басынан өткен оқиғаны сөз қылады. Оны дуахант әйелі итке айналдырып жібереді. Барлық ит жабылып қуған соң, ет сататын қасапшының үйінің жанына тастаған сүйек-саяғымен күн көреді. Бір күні нан сатып алған әйелдің берген ақшасының ішінен жалған ақшаны таныған иттің осы қасиетін естіген бір әйел оны үйіне ертіп әкеліп, адам екенін сезініп, қайтадан дуа оқыған суды шашып, қалпына түсіреді.
 
Ағытайдың, Базар жыраумен, Сейдахметтің дастандарында бұған қосымша өз оқиғасын айтқан жігіт патшаның уәзіріне айналады. Мейрам Жанайдарұлында оқиға қысқа қайырылып, қасапшының қызы дуахант болып шығады да, адамға айналып, сол қызға үйленеді. Ары қарай «Мың бір түннің» «Киік жетектеген жігіт» атты бөлімі кіргізілген. Бұлардың барлығы әлі қиссалық шарттардан арылмаған. Тек Кете Жүсіптің «Сұрмерген» дастаны ғана қазақ өміріне жақындатылып, аралық дастанға айналған.
 
Ағытай дастаны жайлы тағы бір айта кетерлік жай оның кейбір шумақтарының Сейдахметтің туындысымен бір екендігі. Ағытай бұл дастанды 1914 жылдан бастап жырлап жүрген. Шамасы ақын мұны өзінен бұрын жазған Сейдахметтен алып, жаңаша жырласа керек. «Обыр қатындағы» өлең жолдарының көпшілігінің  Сейдахмет дастанына  ұқсас келуі осыған меңзейді.  Дегенмен бұл өз алдына жеке шығарма. Ағытай  дастанындағы интерполияцияның болуы оның туындысының да көлеміне әсер еткен. Ағытай дастанының көлемі 210 жол. Сейдахметтің дастаны 186 жолды құрайды.  Сонымен қатар ақынның «Дала уәлаяты» газетіне шыққан Мейрам Жанайдарұлының дастанымен таныс болуында жоққа шығармаймыз.  Себебі дастанның бастапқы шумақтарында:
 
...Бір жігіт адам білмес іс қылыпты,
Мейрамның патша болған заманында, – деген жолдар 
кездеседі. «Мың бір түн хикаясы» дастанының авторын сол дастанның ішіне енгізуі, анықтай айтқанда, сол дәуірде өмір сүрген кейіпкер ретінде  көрсетуі ертеде өмір сүрген халық ақындарының шығармашылығында жиі кездесетін шығармашылық құбылыс. Мәселен мұндай құбылысы қазақ арасында кең таралған «Евгнений Онегин»  дастанында кездеседі. Мұны жырлаған бірнеше ақын оның негізгі авторы Пушкинді сол жырдың кейіпкерлерінің бірі етіп жіберген. Сондықтан мұндай құбылыстың Ағытай шығармашылығында кездесуі де тосын жай емес. Жалпылай алғанда «Обыр қатын» дастаны Ағытай Әлсүгірұлының шығыс әдебиетімен де жақсы таныс болғандығының дәлелі ғана емес, оның желілі дастандарға да қалам сілтеген кең тынысты ақын екендігін көрсетеді.
 
Қорыта айтқанда Ағытай Торғай өңірінен шыққан белгілі ақындардың бірі. Оның шығармашылығын бір мақалада ғана қамтуға болмайды. Бұл жазып отырғанымыз Ағытайды көпшілік қауымға, ғылыми ортаға таныстыру ретіндегі еңбегіміз. Әлі де болса ақынның айтыстарын, өзі шығарған әндерін, дастандарын іздестіріп, тауып,  оларды ғылыми айналымға түсіру қажет.
 

Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1. «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік  мекемесінің филиалы, «Аманкелді аудандық мемлекеттік мұрағаты», № 100 қор.
2. Ғ.Ж. Қарабала. Үш аша. – Астана: «Зерде» баспасы. 2011 – 308 б.
3. Н. Ахметбеков. Таңдамалы шығармалары. Т.2. – Қостанай: «Шапақ».  2010 – 300 б.
4. Қаһарлы 1916 жыл: (құжаттар мен материалдар жинағы). – Алматы: қазақстан, 1998. – (саяси көпшілік басылым) Т.1. – 1998 – 423 б.
5. Орталық Ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазба қоры:  ОҒК: Ш. 743, №2.
6. Орталық Ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазба қоры: ОҒК: 748, №4. 1946 жылы Қостанай экспедициясы жинаған.
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Қала орталығынан Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Мирас» мемлекеттік мәдениет үйіне көшірілді. Баршаңызды 9 мамыр 18:00-де мерекелік концертте күтеміз
07.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрінің орындауында қазіргі заманғы әндер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды
06.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.
04.05.2024
Амангелді дом культуры
СЫР - СҰХБАТ
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
02.05.2024
Амангелді дом культуры
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 01 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама корсетті
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық Мәдениет сарайының 1-ші филиалы Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өткізді
01.05.2024
Амангелді дом культуры
1 Мамыр-Қазақстан Халқының Бірлігі күні мерекесіне орайластырылған "Татулықтың туын тік" атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды
01.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік концерт болып өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама мен түрлі тілдегі әндерінің аудандық фестивалі өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 02 мамыр күні Денисовка ауылының №8 Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін Денисов Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы отан қорғаушылар күнін мерекелеу аясында мерекелік бағдарлама өткізді!
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" МДК ұжымы "Достық" әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламамен Дружба ЖББМ-дегі Дружба тұрғын алабына барды. Концерттік бағдарламаға көрермендерге ұнайтын әртістер: Нұржан Жақсан, Дәулет Ақтанов, Еран Сапаров, домбырашы Мұрат Тілеуғабылов қатысты
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 30 сәуірде "Мирас" мәдениет үйінің әртістері: Дәулет Ақтанов, Ерлан Сапаров "Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекемесі" РММ-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
30.04.2024
Б. Майлин дом культуры
Халық бірлігінің шуақты күні.
30.04.2024
Амангелді дом культуры
«Тал егу – игі іс» экологиялық акциясы жалғасуда
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қала орталығында өтетін концерттің тоқтатылуына байланысты, 2024 жылғы 01 мамырда сағат 18:00-де "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Баршаңызды концертке күтеміз!
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
СЫР - СҰХБАТ
Автор: Амангелді дом культуры
04.05.2024
Ary qaraı
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
Автор: Амангелді дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
Халық бірлігінің шуақты күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
30.04.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý