#REPOST @sarykol_madeniet_uiy Белгілі күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әбдімомын Желдібаев 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті
Тарихты күймен тәпсірлеп, танымды жырмен тасқындатқан тұлғаның бірі –дәулескер күйші Әбдімомын Желдібаев. Композитордың "Ерке сылқым", "Көкшолақ", "Жамбыл баба жыр толғайды", "Тұран елі", "Төле би толғауы", "Сұңқар сезім", "Жетісу сазы", "Бозжігіт", "Әулиеата" «Арман құс», «Абай арманы», сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, айрықша белгідегі «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері күйші-композитордың бір ғана «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралып, қазақтың тұтас дәуір келбеті деуге болады.
Өнегелі өмір сүріп, соңына музыкалық мол мұра қалдырған Әбдімомын Желдібаевтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Күйшіні еске алу құрметіне орай, Сарыкөл аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының орындауында «Ерке сылқым» күйі.