altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
Талантымен қалың елді мойындатқан: Дәулескер күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметов жөнінде
16.10.2018
1716
0





Талантымен қалың елді мойындатқан




Дәулескер күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметов жөнінде

 
Қабілеті жастай танылды

Қостанай өңірінен талай дарындар шыққаны зиялы қауымға бұрыннан белгілі. Өйткені, олар жайлы қаншама кітаптар жазылып, аты-жөндері энциклопедияларға енді. Қазір де облысымыз шынайы дарындардан кенде емес. Солардың арасында күйшілік өнерімен барша қазақтың мақтанышына айналған Елубай Өмірзақов атындағы филармонияның жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Назымбек Молдахметовтың орны қашан да бөлек. Ол осы уақытқа дейін қаншама атақ-дәрежеге ие болса да өзін басқалардан жоғары қоймайды. Кішкентайынан алған тәлім-тәрбиесінен де болар, үлкендерді көрсе, сонадайдан жақындап, сәлемдесіп жатады. Мұндай жігітті кім жек көрсін. Адамгершілігі де өте жоғары. Ал үлкен сахнаға үстіндегі тігілген ұлттық костюмы жарасып шыға келгенде тіпті танымай қаласыз. Ол бір оркестрді шебер үйлестіріп, басқарумен қатар, қазақтың қара домбырасын қалай шертеді десеңізші. Сол кезде залда сілтідей ұйып тыңдап отырған қауымның риза болатындары соншалықты, үнемі қол шапалақтаса, ал ақсақалдар жағы ақ баталарын беріп жатады. Назымбек те одан асып-тасып кетпейді. Үнемі өзін бір қалыпты ұстайды. Оның жатса да, тұрса да ойлайтыны — өнердің биік шыңына көтеріліп, өзі перзенті болып табылатын халқына адал қызмет ету. Кейіпкеріміз жайлы әңгіме болғанда оның сонау сағымдай бұлдырап артта қалған жастық шағына да тоқталып өткеніміз орынды шығар. Бұл 1970 жыл болатын. Сол жылдың сәуір айының басында Торғай өңіріндегі Арқалық ауданы Қайыңды ауылында тұратын бауырымыз Молдабектің үйінде ерекше қуаныш болды. Себебі, киелі шаңырақта шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келіп, бүкіл ағайын жұртты қуантты. Бұл әсіресе, Молдабек ағамыз бен Үкілай апамызды ерекше шаттыққа бөледі. Өйткені, біздің қазақ ұл баланы ұрпақ жалғастырушы, Отанын қорғайтын азамат деп ерекше бағалайды емес пе. Сол кішкентай сәби өсе келе өзінің ән-күйге деген талпынысын көрсете бастады. Оның үстіне бұл жақтағылар Молдахметовтердің әулетін нағыз ұлттық өнеріміз қонған бақытты жанұя ретінде де бұрыннан өзгелерге үлгі тұтатын. Себебі, отағасы Молдабектің өзі кәдімгі қазақтың қара домбырасын қолға алып, күмбірлете шерткенде оны қоршаған ағайындар ерекше рухани ләззат алатын. Әншілігі қандай еді. Сондай-ақ оның жан-жары Үкілайдың да өзіндік әдемі даусы болатын. Сондықтан да ерлі-зайыптының жүрген жері той-думан, ырыс-береке әрі әзіл-қалжың еді. Міне, осындай әке-шешеден туылған Назымбектің де өнерге құштар болуы заңды. Ол да үлкендерден көргенін істеуге тырысты. Өзіміз жиі айтатын «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөз осы ынтымағы жарасқан отбасына арналып айтылған секілді. Өзіміздің туған ініміздей болып кеткен ақжарқын да ешкімді руға, жерге бөлуді білмейтін Назымбек те ойын баласы яғни 5 жастан бастап домбыраға үйір бола бастады. Сөйтіп, ол әкесінің інісі Сұлтанбекті ерекше жақсы көргендіктен ол да мұны осы ұлттық аспабымызға ерте баули бастады. Өйткені, Сұлтекеңнің өзі өңірге белгілі термеші әрі жыршы-тын. Әрине, ол ағасының ұлының жұлдызы жоғары, мәртебесі биік болғанын қалады. Бір жағы Назымбек бүлдіршін болса да нені де болсын тез қағып алатын тапқыр әрі елгезек еді. Сол себептен де уақытты босқа өткізбей оған музыкалық білім алу қажеттігін ескертті. Әкесі Молдабек пен анасы Үкілай да оның пікірін қолдады. Егер баласы ертең өскенде ұлттық мақтанышымыз болып табылатын аспабымызды терең меңгеріп, үлкен сахналарда өнер көрсетіп жатса одан артық қандай бақыт болады.

 
Өнерлі өрге жүзеді

Міне, осылайша күй өнерінің қыры мен сырына бірте-бірте қаныға бастаған 15 жасар дарынды ұл алдымен Арқалық шаһарындағы музыкалық училищеге шәкірт болып қабылданды. Ұстаздан жолы болып, өз саласының нағыз білгірі атанған Тұрсынбек Әлмағамбеттің сыныбында дәріс алды. Аталған қаладағы осынау оқу орны Назымбектің бойындағы жасырын жатқан дарынды оятты. Сөйтіп, осы жердегі төрт жылда ол шыңдалып, күйшіліктің өзіне беймәлім тұстарын әбден игерді. Бірақ әлі де ата-анасы армандағандай биікке көтерілу үшін қаншама еңбек күтіп тұр еді. Өнер жолы ауыр деп босқа айтылмайды. Ол қашан да тынымсыз ізденісті, еңбекқорлықты және өзі орындайтын күйді дер кезінде әрі таңдай білуді қажетсінеді. Міне, осы жайлар да әлі жаста болса кейіпкерімізді ойландырып, толғандырды. Сол себептен де ол Арқалықтан кейін сонау ерекше шаһар Алматыға жол тартты. Бұл әрине, жайдары жаз айы болатын. Бағыты- қазіргі Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория-тын. Қаланың қақ ортасындағы оқу орнының алды ығы-жығы жастарға толы еді. Олардың біреуінің қолында домбыра, енді біреуі қағазға жазылған мәтіндерді оқып жатыр. Бұл домбырашылық, сахнада өнер көрсететін әртістік, әншілік мамандықты қалаған бозбалалар мен бойжеткендер болатын. Әрине, Назымбектің бойында аздап қобалжу да болмай қалған жоқ. Өйткені, кез келген дарынды жас қандай да бір маңызды істі қолға алмас бұрын іштей толқитындығы да белгілі. Бұл бір жағы жауапкершілікті де айқын сезінуден де туындайтын. Оның үстіне талапкерлер өте жеткілікті еді. Бір орынға бірнеше жастан келетін. Сол кезде аптапты ыстыққа қарамастан бұл да белін бекем буып, емтиханға жан-жақты дайындалды. Сол кезде ол Арқалықта жүргенде ұстаздарынан терең білім әрі шеберліктің дәрістерін алғандығын айқын ұқты. Төрде отырған қабылдау комиссиясының алдынды өзін көрсетіп, студенттер қатарына ілінді. Жақсы ұстаз ол да бақытың. Назымбек Молдабекұлы әлі күнге дейін өнер зерттеушісі, профессор Тмат Мерғалиевтен тәлім алғандығын ерекше мақтанышпен ауызға алады. Көрнекті мәдениет қайраткері сонау алыстағы Торғайдан білім іздеп келген бозбаланың бойындағы ешкімге ұқсай бермейтін айрықша қабілетті көкірек көзімен бірден байқады. Сондықтан оған өзінің білгені мен түйгенін әбден үйретті. Консерваторияның дәрісханаларында өткен жылдар саналы азаматтың күйге деген іңкәрлігін барынша арттырып, осындағы әрбір күнді тиімді пайдалануғы тырысты. Кейбіреулердей балалыққа салынып, көше қуып, оқуды тастап кеткен жоқ. Өйткені, мұның намысы да жігері де мықты болатын. Сондықтан осындағы барлық тәлімгерлерінен алған шеберліктерін одан әрі шыңдады. Ол кейде осы жоғары оқу орнында ұстаздық еткен Қазақстанның халық әртісі, аса дарынды күйші Қаршыға Ахмедияров, «Құрманғазы» оркестрінің сол кездегі бас дирижері болған өнер қайраткері Айтқали Жайымов, талантты композитор Кенжебек Күмісбековтерден түйгенін ерекше әсермен баяндайды. Өйткені, олардың әрқайсысының қазақ мәдениетінде есімдері алтын әріппен жазылған тұлғалар. Мәселен, Қаршыға ағаны өзімнің де көзім көрді. Кезінде оны арнайы іздеп барып жазғаным, менің құрметіме шәкірттеріне күй орындатқанын қалай ғана ұмытасың. Қазір бұл ағамыздың марқұм болып кеткеніне біраз жылдың жүзі өтті. Ондай күйшісі бар біздің ұлтымыз да өте бақытты еді. Оның есімі әрбір қазақтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.

 
Қостанай құтты қоныс болды

Аталған консерватория нағыз кадрлардың қара шаңырағы ретінде бұрыннан белгілі. Сондықтан осыдан біраз жыл бұрын аталмыш жоғары оқу орнын аяқтаған бір топ ұлтымыздың талантты жастары арнайы шақыру бойынша Қостанай облысына келген-ді. Жылдар өте олардың бірқатары отбасылық жағдайлармен өзге өңірлерге кеткенімен, басым көпшілігі арамызда әлі күнге дейін адал қызмет етіп, өнеріміз бен мәдениетімізді көтеріп жүрген нағыз саңлақтар. Олардың қатарында ерекше қоңыр даусы бар Манапбек Кәдіров, Батырбек және Лаура Байназаровтар және басқа да өнерді пір тұтқан бауырларымыз бар. Жігіттер мен қыздар облысқа келісімен Елубай Өмірзақов атындағы филармонияның жанынан «Ақжелең» деп аталатын ұлттық аспаптар ансамблін құрды. Әңгіменің орайы келгенде, бұл өнер ұжымының дүниеге келуіне сол кезде облыс басшысы болған, ұлтжанды азамат Кенжебек Укиннің жасаған қамқорлығы айрықша дер едік. Ең бастысы, Алматыдан келген таланты қазақ жігіттері мен қыздарына қолайлы тұрмыстық жағдай туғызылды. Оларды баспана яғни пәтермен қамтамасыз етті. Өздеріне жасалған қамқорлыққа консерваторияның түлектері де нақты іспен жауап беруге тырысты. Дарынды жастар көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзге аймақтарымыз Қостанайда да мұндай ұйымшыл да қабілетті ансамбль бар екендігін мойындап, өздеріне үлгі тұтатын дәрежеге жетті. Осындай ұжымды басқару Назымбек Молдахметов үшін де оңай болған жоқ. Ол өнердегі достарымен тез тіл табысып, қаншама мағыналы туындыларымен репертуарларын байытты. Олардың өн бойынан қазақилықтың иісі аңқып тұрды. Құрамындағы жігіттер мен қыздарға тігілген костюмдердің өзі сахнаға шыға келгенде тыңдармандардың ықыласын аударатын. Соның бәрін де әдемі үйлестіріп, бір мақсатқа жұмылдыра білген әңгімемізге арқау болып отырған аса талантты ініміз. Оның сіңірген азын-аулақ еңбегі де бағаланбай қалған жоқ. Қостанай облысы әкімі сыйлығының лауреаты атанды. Кеудесіне «Ерен еңбегі үшін» медалін тақты. Уақыт өте алдымен мәдениет қайраткері төс белгісіне ие болса, бертін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері мәртебелі атағын алды. Ол ансамбльдегі жұмысымен қатар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында дарынды жастарға домбырадан дәріс берді. Оның ерекше жақсы көретін қос қарындасы Назгүл мен Айгүл де талантты домбырашылар. Ал Гауһар болса дарынды әнші. Жоғарыда біз оларды өнер қонған шаңырақ деп босқа айтқан жоқпыз. Назымбек өзінің ынтымағы жарасқан отбасымен де мақтана алады. Сүйіп қосылған көрікті жары Жанат екеуінің жеке шаңырақ көтергендеріне де көп жылдардың жүзі болды. Үш перзенттері де өмірлерін барынш нұрландырып келеді. Сол балалары Жұлдыз, Темірлан және Марғұлан әке-шешесін сабақ үлгірімдері мен өнерге деген құштарлығымен де қуантуға тырысады. Кейбіреуі қолдарына домбыра алған кезде Назымбектің сонау балалық шағы көз алдына оралады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген де осы емес пе. Оның жоғарыда аталған Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның жанындағы қазақтың ұлттық аспаптары оркестрін басқарғанына да біраз жылдардың жүзі болды. Бұл ұжым өткен кезеңде халықаралық және республикалық байқауларды талай рет топ жарды. Әсіресе, Ақтөбе мен Магнитогорск қалаларындағы өнердегі жеңістерін жергілікті жұртшылық та сүйіп тыңдап, өнерлеріне әбден тәнті болған-ды. Міне, ел сыйлаған Назымбек Молдахметовтың өнердегі және өмірдегі жарқын жолдары осындай.

 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
17.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» қалалық мәдениет сарайында Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы – Куц Кристина Георгиевнамен кездесу өткізді. Кристина Георгиевна декларациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді және 250.00, 270.00 нысаныңдағы декларацияны ұсыну бойынша практикалық көмек көрсетті.
15.04.2024
Денисов дом культуры
«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке қатысты
12.04.2024
Денисов дом культуры
Аудандық мәдениет үйі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында "Таза өлке"акциясын өткізді.
11.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. «Таза өлке» ауласын тазалау жұмыстары.
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ (ЗАЛАЛДЫ) ӨТЕУ ТӘРТІБІ
09.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
05.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Губенко Алексей Алексеевич – оркестрді құрушы және жетекшісі, кәсіби үрмелі дирижер, әскери дирижер және запастағы майор, республикалық және халықаралық байқаулардың дипломанты. Қостанай облысының мәдениет және өнер қайраткерлері клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, авторлық лицензиясы бар жоғары біліктілік санатындағы музыкант-педагог, Қазақстан Республикасы мәдениетінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» және «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік төсбелгілерінің иегері.
29.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 29 наурыз күні автомобилист спорт кешенінде 2011-2013 жылдары туған Денисов ауданының оқушылары арасында «POLYMETAL» компаниясының жүлделері үшін шағын футболдан турнир ашылды
29.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Аудандық мәдениет үйінде Халықаралық театр күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 24 наурыз күні "Автомобилист" спорт кешенінде жаттықтырушылар Б. К. Дибиров пен Б. Г. Игисеновты еске алуға арналған еркін күрестен турнир өтті.
26.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 23 наурыз күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілікке шықты
25.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Мирас» мәдение сарайының әртістері мен балалар шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасы
24.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 21 наурыз күні Денисов ауылының орталық алаңында «Батыр жылы» атағы үшін 4,5,6 тур «БАТЫР ШОУ» байқауы өтті
24.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 20 наурыз күні аудандық мәдениет Үйінің көрермендер залында "БАТЫР ШОУ" байқауы 1,2,3 тур өтті
23.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
22.03.2024 ж. «Золотой фазан» демалыс орталығында «Мирас» мәдениет сарайының әртістерірының концерттік бағдарламасы
22.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 22 наурыз күні облыс әкімдігінің алаңында Наурыз мейрамына орай "Қош келдің, Әз Наурыз"атты театрландырылған бағдарлама өткізілді
22.03.2024
Б. Майлин дом культуры
Бейімбет Майлин аудан орталығында көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз мейрамы аталып өтті.
22.03.2024
Әулиекөл дом культуры
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы
21.03.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 21 наурыз күні, «Мирас» ҚМС 1 филиалының қызметкерлері мен халық шығармашылық ұжымдары «Аэропорт» ША «Керуен» алабында бірлесіп «Наурыз –достық» мерекесі» атты мерекерік концерттік бағдарлама өткізді. Концерттік бағдармаға «Наз» және «Кружева» вокалдық тобы қатысты, жеке әншілер және «Арулар» би тобы қатысты.
21.03.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 21 наурыз күні Денисов ауылының орталық алаңында «Наурыз тойы мереке, салт-дәстүрім береке» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы
Автор: Әулиекөл дом культуры
22.03.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý