altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
Қостанай жерінде әлі талай кино түсіруге болады – продюсер
19.07.2023
251
0
Қостанайда кино түсіріліп жатыр. Бұл біздер үшін қызықты тіптен таңсық жағдай десек те болады. Себебі, біздің қалада кино күнде түсіріле бермейді. Түсірілім алаңына барша журналистер барып, жарыса жазуда. Біз де бардық. Қала шетіндегі гараждардың маңы кәдімгідей ығы-жығы. Режиссер, гримдеуші, продюсер, актерлер де осы жерде. Қызу жұмыс. Былтыр сериалдың алғашқы маусымынан көрермендер жақсы әсер алды.
 
Енді сұраныс болған соң сериал жалғасуда. Фильм өмірде болған оқиға желісінен алынған. 30 жыл бұрын 10 бала асырап алған қостанайлық Нұрлан мен Қарлыға Садықовтардың отбасылық өмір жолына негізделген. Олардың бауырына басқан балалары бүгінде ержетті. Қилы тағдыр киноға жақсы тақырып болды. Осы орайда бас продюсер Жалын Тілеубергенді сөзге тартқан едік.
 
  – Жалын, Қостанайға қош келдіңіздер. Істеріңізге береке берсін. Түсірілім қалай болып жатыр?
 
– Екінші маусымын түсіреміз деп Қостанай жеріне келіп қалдық. 15 бөлімнен тұрады. «Хабар» агенттігінің қолдауымен түсіріліп жатыр. Бұған дейін Алматы облысында түсірілген еді. Жалпы келгенімізге екінші күн ғана болса да Қостанай халқына ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Мұндай түсірілімдерді сағынғаны көрініп тұр. Бір жағынан таңсық шығар. Біз де өз тарапымыздан ол кісілердің көңілінен шығуға тырысып бағудамыз. Жалпы Қостанай-Алматы арасының логистикасы қиын. Басында қалай болар екен деп қиналдық. Қостанайда түсіргіміз келсе де шығынды ойладық. Басқа қалада түсіресіңдер деп бізге қосымша қаражат бөлінбесі де рас. Сосын біз «Хабар» арнасынан көмек сұрадық. Олар Қостанайда түсіруімзді бірден қолдады. Өздерінің аттарынан облыстық әкімдікке шықты. Көп ұзамай қолдау болатынын білдік. Ол отбасы, оқиға барысы бұл жақтағыларға да жақсы таныс екен. Облыс әкімінің орынбасары Ренат Зәкиұлы бізді қабылдап, қызығушылығын білдіріп, қолдайтынын жеткізді. Қазір облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлымен жұмыс істеудеміз. Облыстық әкімдікке алғысымыз шексіз. Қалада сол қалпы сақталған керемет локациялар бар. Бұл фильмді осы жақта түсіру ыңайлы екенін түсініп жатырмыз. Себебі Алматыда көп кинолар түсіріледі. Көрерменге әбден жаттанды болған. Халық та жалыққан. Бұл жақ біздерге бар құрметін көрсетіп, құшақ жая қарсы алуда. Соның өзі бізге жеткілікті. Шығармашылық адамдарды қолдап, қолпаштап жатса шабыты ашыла беретіні бар.
 
– Бұл телехикаядан басқа фильм түсіру ойда бар ма?
 
–Түсірілім Қостанай, Арқалық қалаларында өтеді. Осы екі ортада жүргенде табиғаты ерекше екенін көрдік. Бұған дейін егіншілер туралы түсіргім келген. Оны осы өңірден басқа жерде түсіру қиын болатыны белгілі. Бірақ ол әлі идея ретінде ғана жоспарда бар. Ыбырай Алтынсарин туралы да түсірсем деп жүрмін.
 
– Басты рөлдегі Беконды кім ойнайды?  
 
– Басты кейіпкер Беконды Бақдәулет сомдайды. Ол баламен бұрын да жұмыс істеген едік. Кішкентай рөлдің өзін бар ынтасымен ойнап шыққан еңбекқор бала. Сол кезден-ақ біздің көңілімізден шықты. Мына балаға жақсы рөл беріп, ойнату керек деп жүрген едік. Соның сәті бүгін түскендей. Сценрийді оқып жатқанда бірден ойыма түсті. Ол өзі кішткентайынан актер. Әкесі де киноға түсіп жүрген жан. «Сержан братан» фильмінде Буланы сомдады. Енді әкесінің жолын қуып жүр. Кино әлемімен жақсы таныс.
 
– Өзіңіз жайында айта кетсеңіз?
 
– Өзім Т.Жүргенов атындағы академияның шәкіртімін. 3-4 жылдан бері сериал түсіруді қолға ала бастадым. Қазір қазақ киноиндустриясы жақсы жолға түсіп келеді. Тәуелсіздік алғанымыздың өзіне отыз жылдан енді асты. Бұл біз үшін көп уақыт емес. Біз де кино түсіруді енді үйрінеп келеміз. Әрине, Америка сияқты елдерден әлдеқайда артта келеміз. Бірақ мұның бәрі уақытша. Қазіргі уақытта көп кино түсірілуде. Бір жылдың өзінде отызға жуық қазақша кино түсіріліп, көрерменге жол тартады екен. Осыдан бес жыл бұрынғы жағдайға қарағанда он есеге өсті деп айтуға болады. Сондықтан қазір бізде таңдау бар. Саны да жеткілікті. Енді сапасы да артады деген сенімдемін. Көрерменге де бір нәрсені бере берсең мезі болып, басқа дүниені талап ете бастайды. Мысалы, кезіндегі әндерді алар болсақ, тек қана той әндерін тыңдап кеткен едік. Соның арқасында тыңдарман құлағының құрышы қанды. Енді қазір біздің әнімізді барша ел тыңдайтындай дәрежеге жетті. Түрлі жанрды қамтып жатырмыз. Сол сияқты қазір тек қана комедия шығып жатуы мүмкін. Ол да керек. Халық әбден тойып, кейін басқа да жанрды қарап, қабылдай алатындай болуымыз керек.
 
– Қазір түсірілім алаңында қанша адам еңбек етіп жатыр?
 
– Түсірілім тобында қырыққа жуық адам бар. 45 күннің ішінде бітіреміз деп жоспарладық. Басты кейіпкер өмірде бар адам. Ол кісі өте жақсы қабылдады. Кино саласында басты кейіпкерді киноның ішіне салмай-ақ елеусіз өзінің прототипімен жолықтыратын сәт болады. Ол жәй массовка ішінде елеусіз адам болса да көрінеді. Ол сценраийде де бар. Өмірдегі кейіпкерлер кинода көрінеді. Ол әзірге құпия болсын.
 
– Жалпы бұл тақырыпқа кино түсіру идеясы қайдан келді?
 
– «Бақытты отбасы» деген кітап сценарист жігіттің қолына ойда жоқта түседі. Ол ашып қарап, танысады. Оқиға желісі өте қызықты. Кез келген продюссер, сценарист тың, қайталанбайтын, ерекше оқиғаларды іздестіріп жүреді. Осылайша ізденіс үтінде жүріп, осы кітаптың желісіндегі оқиғаға тап болдық. Кітап авторы Қанат Естек осы оқиғаны тарихта қалдырғысы келетінін жеткізді. Біз де қолдадық. Осылайша өз ойымды «Хабар» агенттігіне ұсындым. Ол агенттік басшысы Берік Уәлидің қолына түсіпті. Сол уақыт елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды. Отбасылық құндылқты дәріптейтін елімізде бірнеше ғана телеканал бар. Біздің ұсынысымыз телеканалдың оңжамбасына келген сияқты. Олар бірден қолдап, сол жылы түсірсең деген талап қойды. Мен де қуана қабылдадым. Сериалдың басты фишкасы шынайы оқиғаға негізделгені. Бұл жағдай кез келген адамның басында болуы мүмкін. Бала асырауға қадам жасай алмай жүрген ата-аналарға немесе өзінің баласынан бас тартып жатқан ата-аналарға ой салса деген миссиямыз болды. Осыған дейін бекіне алмай жүр едім, енді бала асырап алатын болдым деген сияқты пікірлер бар. Соған қарап біздің миссиямыз орындалған сияқты. Эфирге шыққан кезде көптеген балалар үйі жабыла бастады. Бұл жаңалық біздің фильммен астасып жатты. Актерлер де сәтті таңдалып алынды, олардың шеберлігін де атап өтер едім. Беконның арғы өмірі, тағдыры не болды деген хаттар көп келе бастады. Алғашқы маусымды дәл солай аяқтауы режиссердің де шеберлігі еді.
 
– Әңгімеңізге рахмет. Жақсы кино күтеміз.
 
 
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

#ГидПоКазахстану
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 01 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама корсетті
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық Мәдениет сарайының 1-ші филиалы Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өткізді
01.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік концерт болып өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама мен түрлі тілдегі әндерінің аудандық фестивалі өтті
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" МДК ұжымы "Достық" әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламамен Дружба ЖББМ-дегі Дружба тұрғын алабына барды. Концерттік бағдарламаға көрермендерге ұнайтын әртістер: Нұржан Жақсан, Дәулет Ақтанов, Еран Сапаров, домбырашы Мұрат Тілеуғабылов қатысты
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 30 сәуірде "Мирас" мәдениет үйінің әртістері: Дәулет Ақтанов, Ерлан Сапаров "Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекемесі" РММ-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
30.04.2024
Б. Майлин дом культуры
Халық бірлігінің шуақты күні.
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қала орталығында өтетін концерттің тоқтатылуына байланысты, 2024 жылғы 01 мамырда сағат 18:00-де "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Баршаңызды концертке күтеміз!
27.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 27 сәуір күні Аршалы ауылында аудандық мәдениет үйі Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған,  Қостанай облысының әкімімен бекітілген KPI бағдарламасын және Денисов ауданының шекаралас ауылдық округтері мен ауылдарында кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде  мерекелік бағдарламасын өткізді
27.04.2024
Денисов дом культуры
Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы. «Жасыл аймақ» күні.
26.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 26 сәуірде KPI бағдарламасы бойынша жоспарға сәйкес, Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қостанай ауданы Надеждинка ауылына Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Туған жер, туған ел. Бір халық - бір ел», концерттік бағдарламамен барды
24.04.2024
Денисов дом культуры
«Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Жасыл аймақ» 3 апталығы аясында
22.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 18 сәуір күні мәдениет бөлімі ведомстволық бағынысты мекемелермен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналған "Киелі мекен" тақырыбы бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының екінші аптасында белсенді қатысты.
20.04.2024
Денисов дом культуры
Бүгін 2024 жылдың 20 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері "Киелі мекен" атты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты
20.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін «Мирас» мәдениет сарайының сахнасында «Pro Танцы KZ» халықаралық чемпионаты өтті
18.04.2024
Денисов дом культуры
Бүгін Денисов ауданының мәдениет қызметкерлері Тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыруға арналған «Киелі мекен» тақырыбындағы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші апталығына белсене қатысты.
18.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 18 сәуір күні Денисов жалпы білім беретін мектебінде аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері аудандық полиция бөлімінің пробация қызметінің қызметкері Т. Р. Сикировамен бірлесіп оқушыларға арналған "Заң және тәртіп" атты сабақ өткізді
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
Халық бірлігінің шуақты күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
30.04.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý