altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
«ТАҒАННЫҢ» ТҰҒЫРЫ БЕРІК БОЛСЫН
14.11.2022
1233
0
Қостанайда жеке қазақ театры ашылып жатыр. Негізін қалаушы актер Төленді Әлқожа. Бұл есім бізге І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры арқылы таныс. Талай рөлдерді сәтті сомдап жүрген актер. Енді Төленді театрдан шығып, жеке ұжым құрып жатыр. Театр атауы да қызық. Ойласа келе «Таған» атауын беруді жөн санапты. Демек, төрт таған, тіреуі мықты, тіреніші, төрт тұғыры бар деген мағына ғой. Қараша айының 25-26 жұлдызында театрдың шымылдығы Ахаң спектакльімен ашылып, алғашқы қойылымы болады. Пьэса авторы  режиссер, драматург, ҚР халық әртісі Ерсайын Төлеубай, ал суретші сценограф  Мәдениет саласының үздігі Құрманғазы Каржанов.
 
Өнерде жүрген қыз-жігіттердің бастап жатқан істеріне сәттілік тілей отырып, жұмыстарымен танысқан едік.    
 

 
– Төленді, жаңа театр жұмысын бастап жатыр деген жаңалықты естігенде таңқалғаным рас. Себебі бізде мемлекеттік өнер ордаларынан бөлек шағын театр, оның ішінде қазақ театры жоқтың қасы. Бұл біздің өңірге керек дүние. Мұндай бастамаға қалай келдіңіздер? 
 
– Театр ашамыз деп ойлап жүргенімізге біраз болған еді. Сәті Ахмет атамыздың 150 жылдығына тұспа тұс келіп тұрған сыңайлы. Мамыр айында еңбек етіп жүрген облыстық қазақ драма театрынан белгілі себептермен жұмыстан шығып қалдым. Қапа болмадым, әрі қарай дамудамын, өнер жолында жүрген соң Ахаң жылына қандай үлесімізді қоса аламыз деген ой мазалады. Халыққа рухани күш беретін тың дүние ұсынғымыз келді. Ойда жүрген жоспардың сәті келген сияқты деп әріптесім, актер Аслан Кенжетай екеуміз белді бекем буып, театр құрдық. Бұл бір жағынан жыл қорытындысы да болмақ. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығында ел болып көп дүниелер атқарып жатыр. Әр қазақ өз үлесін қосуда. Осылайша өзіміз құрған театрдың шымылдығын Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейханұлы туралы спектакльмен ашпақпыз. Ол кісілердің аруағы бізді қолдасын, ұлт көсемі болған тұлғалардың өмір жолы, мұрасын тағы бір паш етейік деген ой болды.  Спектальді ұстазымыз, драматург Ерсайын Төлеубайға арнайы жаздырттық. Ол кісі бізді қолдап, қалаға келіп, қазір премьераға дайындық қызу жүріп жатыр.  
 
 
– Театр құрамында кімдер бар, бағыты қандай болмақ? Қаржыландыру мәселесі қалай шешілуде?
 
– Спектакльде қазақ драма театрының актерлері де ойнайды. Ал театрды өзім бастап, Асылан қостап ашсақ та, Нұрлыбек Кенжеахметов, Қуаныш Маратұлы, Нұрлан Байшин, Марғұлан Әбдібеков, Жұматай Ахметхан, Ғабит Қызыров, Қымбат Әуезханова, Ақбота Ықылас, Зәуре Сүндет сынды өнерде жүрген қыз-жігіттер қолдап, премьераға дайындалуда. Алғашқы премьера «Мирас» мәдениет үйінде болады. Бұл мәдениет ошағы бізге ыстық. Неге десеңіз бұрын облыстық қазақ театры сол жерде ашылып, өзіміз еңбек жолын бастап, сол ұжымда 13 жыл еңбек еткен екенмін. Қостанай өңірінде тағы бір театр ашылып жатса артық болмайды деп ойлаймын. Театр жеке болған соң әр түрлі жанрда жұмыс атқаратын боламыз. Қаржы жағына тоқталар болсақ көптеген кәсіпкер азаматтар қолдау білдіріп, өз күшімізбен жүзеге асуда. Жетпегенін қалтамыздан қосып жұмыс істей бермекпіз. Театр ашу оңай емес екені белгілі. Қаншама адамның еңбегі, сахнаға керекті дүниелер бар дегендей. Қазір жалға ғимарат алып, өзміздің уақытымыздың ыңғайына қарай, түнделетіп болса да еңбек етіп жатырмыз. Әрине, жаңа бастап жатқан іс болған соң оңай болмасы түсінікті. Бірақ бастаған іске бар күшімізді салудамыз. Халық қолдау білдіріп жатса еңбегіміздің жанғаны. 
 
– «Таған» атауын көпшілік түсінбей жатыр. Неге осы атауға тоқталдыңыздар?
 
– Театр атауы жөнінде көп ойландық. Ойласа келе бәріміз келіскен атау осы «Таған» болды. Себебі осы театр ашуды бірден төрт жігіт Мен, Асылан Кенжетай, Нұрлыбек Кенжеахметов және Қуаныш Маратұлы қолдаған еді. Осы ойымызды өнердегі ағаларымызға, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлына, облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаевқа айтып, алдарынан өтіп, батасын алып, бастаған да осы төртеуміз. «Төрт тұғыр, төрт тіреу, төрт құбыла» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы гастрольдік сапарымызды Жанкелдин, Аманкелді аудандары, Арқалық қаласына барсақ дейміз. Осы бастамамызды облыстық мәдениет басқармасы, ел ағалары қолдап, тілекші болып жатқандары қуантады. 
 
– Рахмет, сәттілік тілейміз. «Таған» театрының тұғыры биік болсын.    
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Қала орталығынан Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Мирас» мемлекеттік мәдениет үйіне көшірілді. Баршаңызды 9 мамыр 18:00-де мерекелік концертте күтеміз
07.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрінің орындауында қазіргі заманғы әндер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды
06.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.
04.05.2024
Амангелді дом культуры
СЫР - СҰХБАТ
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
02.05.2024
Амангелді дом культуры
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 01 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама корсетті
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық Мәдениет сарайының 1-ші филиалы Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өткізді
01.05.2024
Амангелді дом культуры
1 Мамыр-Қазақстан Халқының Бірлігі күні мерекесіне орайластырылған "Татулықтың туын тік" атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды
01.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік концерт болып өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама мен түрлі тілдегі әндерінің аудандық фестивалі өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 02 мамыр күні Денисовка ауылының №8 Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін Денисов Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы отан қорғаушылар күнін мерекелеу аясында мерекелік бағдарлама өткізді!
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" МДК ұжымы "Достық" әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламамен Дружба ЖББМ-дегі Дружба тұрғын алабына барды. Концерттік бағдарламаға көрермендерге ұнайтын әртістер: Нұржан Жақсан, Дәулет Ақтанов, Еран Сапаров, домбырашы Мұрат Тілеуғабылов қатысты
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 30 сәуірде "Мирас" мәдениет үйінің әртістері: Дәулет Ақтанов, Ерлан Сапаров "Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекемесі" РММ-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
30.04.2024
Б. Майлин дом культуры
Халық бірлігінің шуақты күні.
30.04.2024
Амангелді дом культуры
«Тал егу – игі іс» экологиялық акциясы жалғасуда
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қала орталығында өтетін концерттің тоқтатылуына байланысты, 2024 жылғы 01 мамырда сағат 18:00-де "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Баршаңызды концертке күтеміз!
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
СЫР - СҰХБАТ
Автор: Амангелді дом культуры
04.05.2024
Ary qaraı
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
Автор: Амангелді дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
Халық бірлігінің шуақты күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
30.04.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý