altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
Ахаң тойы елге серпін бере ме?
11.02.2022
856
0
Қазақтың рухани көсемі, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл. Ұлы қайраткердің бұл жолғы мерейтойы «ЮНЕСКО» көлемінде әлемнің бірнеше мемлекетінде аталып өтетін болды. Бұл туралы жазылды, арнайы жоспар да бекітілді. Өзге елден бұрын өз елімізде тойланатын тойдың қамы кең ауқымды болмақ. 63 пункттен тұратын жалпыреспубликалық жоспарда Ахаңның туған жеріне қатысты шаралар тізбегі бар. Ахаң дегенде, әрине, Торғай елі, туған жері көз алдымызға келеді. Ал осы өңірдегі халықты алаңдататын бір жағдай бар. Ол – жол. Елге керегі – 107 шақырымға асфальт төсеу. Ахаңның кіндік қаны тамған, табаны тиген ауылына апарар жол сын көтермейді. Ол талай жазылды да, айтылды да. Бұл жолы үлкен мерейтойдың алдында аймақ басшысы қасына жауапты азаматтарды ертіп, Торғайға, Ахаң ауылына барды. Бәрін көзімен көрді. Жергілікті жұртпен жиын өткізді. Шешім шығарды…
Сонымен, ұлт ұстазының мерейтойы біздің өңірде қалай аталып өтеді? Ел көтерген мәселе шешімін таба ма? Осы тойдан өшпес естелік болып қаларлықтай қандай шаралар атқарылады? Осы және басқа сұрақтарға облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов жауап беріп, өз пікірін білдірген еді.
 


 
Бастама аяқсыз қалмайды деп сенейік
 
-Ерлан Болатұлы, биыл біз үшін айтулы жыл. Ұлы Ахаңның мерейтойы басталғалы тұр. Жоспарға сай нақты істер атқарылатыны белгілі…
-Былтыр Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына байланысты республикалық комиссия құрылды. Сол комиссияның шешімімен республикалық іс шара жоспары да бекітілді. Ол жоспардағы 63 тармақтың жеті-сегізі біздің өңірге арналған. Соның негізінде облыстық жоспар әзірленді. Қазір сол жоспарға сай жұмыс ұйымдастырылуда. Бірақ ол жоспарды толықтырып жатырмыз. Себебі қаңтар айында облыстық мәслихаттың сессиясы болды, қосымша қаражаттар бөлінді. Және де облыс әкімі Жанкелдин ауданына іссапары барысында қосымша тапсырмалар жүктеді. Жоспарды жыл бойы толықтырып, мазмұны жағынан, ауқымы жағынан кеңейтіп отырамыз.

 
­-Тойдың болғаны жақсы. Бірақ осы шараға байланысты елді алаңдатқан басты мәселе – Ахмет ауылына апарар жолдың жайы. Өздеріңіз де барып, көздеріңізбен көрдіңіздер. Жағымды жаңалық бола ма?

-Қазір ойға алған бірнеше нақты шара бар. Соның біріншісі – Ахмет ауылына баратын жолды жөндеу. Бұл – халықтың да басты талабы. Өткен жылдың жоспарын әзірлегенде 11 шақырымын жөндеуге 450 млн қаражат бөлініп қойған. Қазір қалған 96 шақырымына аудан әкімдігі құжаттама әзірлеп жатыр. Облыстағы бюджеттің мүмкіндігіне қарай, одан қалды республикадан сұрай отырып, мүмкіндікке қарай қалған жолды жөндеуді қарастырады. Бұл мәселе халыққа түсіндіріліп айтылды. Бұл бір жылда бола қоятын дүние емес. Уақыт пен көп қаражатты талап ететін жағдай. Бір жылда емес, мүмкін бірер жылда аяқталып қалар. Биыл барлығы 31 шақырым жөндеу көзделген. Қалған 70 шақырым келешектің еншісіне қалып тұр. Мүмкін, республикалық бюджеттен қаражат бөлінсе, аяқталып қалар. Қазір Нұр-Сұлтанда бастамашыл топ құрылған. Құрамында елден шыққан белді азаматтар бар. Облыс әкімдігінен де, осы топ мүшелерінен де сұрау салынатын болады. Жалпы, кез келген дүниенің өзінің заңнамасы болады. Бұл жол – аудандық маңызы бар жол. Оған республикадан қаражат бөлінуі, шынын айтқанда, қиын жағдай. Мүмкін, үкімет ерекше шешім қабылдап жатса, болып қалар. Басталған жол аяқсыз қалмайды деп сенейік.

 
-Жолдан бөлек, басқа да мәселелер шешімін күтіп тұр. Оның қатарында музей үйінің жай-күйі де бар болар?
— Иә, ұлт ұстазының туған үйінің орны сақталған. 2009 жылдары Ахмет атамыздың немересі елге келгенде көрген, жалпы елдің үлкендері бар, ақылдасып, өзі туған саман үйінің іргесі қайта қаланған еді. Елдегі азаматтар сол үйдің іргесін көтереміз деп ұйымдасқан. Өз күштерімен сұлбасын да қалпына келтірген. Шынын айтқанда, сол үйдің жағдайы қазіргі кезде мәз емес. Елдегі халық осы жағдайды да көтеріп отыр. Қазір сол үйді қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Ол, әрине, еврожөндеудегі ғимарат болмайды, қазақы қалыпта салынған бұрынғы кезеңмен үндесіп тұратын үй болады. Ел адамдары «Ахаңның әке-шешесі дәулетті болған кісілер, үйі де соған сай болуы керек» деген әртүрлі пікір айтады. Енді біз үйді ауыл ақсақалдарымен, ахметтанушы азаматтармен ақылдаса отырып, ішкі мазмұнын, сыртқы келбетін бәрін жобалап келтіретін боламыз. Бұл мәселе шешімін тапты. Ел азаматтарының айтқан тағы бір өтініші – осы жоспарға енгізілген бастаманың бірі – Торғайдағы Ахмет пен Мыржақыптың әдеби музейін жөндеу. Оған тиісті 233 млн қаражат бөлінді. Мердігерді анықтаған соң іске кірісіп кетеміз. Ол 1991 жылы ашылды да содан бері жөндеу көрген жоқ. Осыдан үш жыл бұрын музейдің жағдайын қарастыра отырып, қосымша ақша бөліп, жылу өткізген болатынбыз. Жәдігерлерді бүлдіріп алмай ұстап тұру үшін өзіндік жылу сақталуы керек. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілсе, жаңарып қалатын болды. Одан бөлек аудан әкімдігінің бастамасымен музейдің алдындағы алаңды абаттандыру қолға алынады. Халыққа қолайлы жағдай жасауды ойластырудамыз. Той өтеді, кетеді. Бірақ елге керек дүниелер жүзеге асуы керек. Елді толғантқан тағы бір түйткіл – ауылда ұялы байланыс бар, интернет жоқ. Бұл мәселе бойынша орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта шешімін табады деген үміт бар.


 
Тарихи атауы қайтарыла ма?

 
-Ел арасында Жангелдин ауданының атын өзгерту, Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беру мәселесі айтылып қалып жатыр. Оған да пікір сан қилы. Бірі қолдаса, бірі жөнсіз дейді. Бұл бастамаға не айтар едіңіз?
-Ауданның атауының өзгертілуіне байланысты бастама біржақты пікірге сүйенген деуге болады. Әлеуметтік желідегі осы тақырыпқа сай мақалаларды қарасаңыздар, бұл мәселеге үн қосып жатқан азаматтардың пікірлерінің барлығы "егер аудан атауы өзгеріп жатса, бірінші кезекте Торғай деген тарихи атауы қалуы керек" деген ойды білдіруде. Тап қазір өзгертеміз деген түбегейлі шешім жоқ. Бірақ мәселе көтерілген соң халықтың да пікірін сұрауға тиістіміз. Әрбір селолық округте осыған байланысты халықтың пікірі сұралуы керек. Мұндай тапсырма берілді. Жалпы, осы жолы елге барғанымызда осы мәселені көтерген бір адам болмады. Бұл – сыртта жүрген азаматтардың пікірі. Бірақ бастама көтерілген соң ескерусіз қалдыра алмаймыз, егер аудан халқы осы қажет деп тауып жатса, мүмкін қарастырылар. Осындай мәселе қалалық әуежайға да байланысты туындады. Бұл жерде де өзінің тәртібімен жүзеге асады. Егер қоғамдық қолдау тауып жатса, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолданады. Жалпы, адамның атын беруге байланысты мәселе бүгінгі қазақ қоғамының дерті сияқты. Одан Ахмет Байтұрсынұлының даңқы не артып, не төмен түсіп қалмайды. Мұнымен қатты әуестенбегеніміз жөн сияқты. Ахаң әуежайы дегеннің өзі, әрине, құлаққа жағымды естіледі. Бұл кісілер біздің брендіміз. Мүмкін Ыбырай, Ахмет бабаларымыздың есімін тиісті деңгейге көтере алмай жатқан шығармыз. Егер Ахаңның есімін жаңғыртамыз десек, басқа да игілікті істерді жасаған дұрыс па деп ойлаймын. Мысалы, қазір Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы гранттар тағайындау туралы әңгіме болып жатыр. Бұл да бюджеттің есебінен шешіліп қалар. Біздің облысқа керекті, маңызды мамандықтар бойынша гранттар тағайындалады. Оның саны көп болмас, 10-15 грант болса да соны иеленген жастар өз өміріне бастама алады, елге пайдасы тиер маман болады. Жұмыстың арнасын осындай жақсы дүниелерге бұруымыз керек деп ойлаймын.



Экспедициядан тың дүние күтемін
 
-Осы шаралардан қандай да бір жаңашылдық күтесіз бе?
-Әрине, ойын-тойдан гөрі біз білмей келген жаңашылдық болса деймін. Ахметтің өмірі, қызметі бірталай зерттелген. Бірақ әлі де жүйелеуді қажет ететін жұмыстар бар. Біз «Ахаң жүрген ізбен» атты экспедициялық топтың құрылуына қаражат жоспарладық. Оған ахметтанушылар, ғалымдар, архив, музей мамандарын қосып отырмыз. Әлі де пысықтап жатырмыз. Ұстаздың болған қалаларына барып, сол жердегі архивтерді ақтарып, басқа да мекемелерде қалған құжаттары болса, ескермеген дүниелерді жүйелеп, бір ізді етсек деген ой бар. Былтыр І.Жансүгіровтің мерейтойы болғанда Алматы облысына экспедиция жасап, Мәскеуден жарияланған, бірақ кейіннен тәркіленіп алынған он шақты кітабын тапты. Сондай құнды дүниелер тауып салсақ деген үміт бар. Тағы бір бастама, Ахмет университетінің бастамасымен «Ахмет әлемі» деген интерактивті портал ашылады. Оған барлық материалды жүктейміз. Бір арнаға тоғыстырамыз. Осы тойдан біздің ұтатынымыз – музейдің жөнге келуі. Себебі ол отыз жылдан бері жөндеу көрмеді. Негізі, барлық талаптары сақталып салынған жақсы музей. Одан бері қаншама экспонаттар толықты. Соның бәрін дұрыстап алсақ дейміз. Экспозициялық жұмыстар бір жаңалық, нәтиже берсе деген де үміт бар. Себебі зерттелмеген дүние әлі көп. Егер тың дүние табылып жатса, бізге нағыз олжа болар еді. -Бұл шаралар қашан бастау алады? -Жыл басталып кетсе де ресми шара елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінге ығыстырылған еді. Республикада ақпанның аяғында ашылады деп жатыр. Біз де сол кезде ілесіп ашатын шығармыз. Ол кезде театрландырылған қойылымдар, ән, күй, жыр – барлығы да көрсетіледі. Театрда қойылым, кітапханада көрме сияқты шаралар өз кезегімен өте беретін болады. Ал негізгі деген шаралар өзінің туған күніне қарай, қыркүйекте бастау алады. Облыс орталығында да, ауданда да, ауылда да өткіземіз. Шаралардың мазмұны бойынша сұрақтарды тиісті мамандар пысықтауда.

 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Қала орталығынан Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Мирас» мемлекеттік мәдениет үйіне көшірілді. Баршаңызды 9 мамыр 18:00-де мерекелік концертте күтеміз
07.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрінің орындауында қазіргі заманғы әндер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды
06.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.
04.05.2024
Амангелді дом культуры
СЫР - СҰХБАТ
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
02.05.2024
Амангелді дом культуры
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 01 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама корсетті
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық Мәдениет сарайының 1-ші филиалы Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өткізді
01.05.2024
Амангелді дом культуры
1 Мамыр-Қазақстан Халқының Бірлігі күні мерекесіне орайластырылған "Татулықтың туын тік" атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды
01.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік концерт болып өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама мен түрлі тілдегі әндерінің аудандық фестивалі өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 02 мамыр күні Денисовка ауылының №8 Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін Денисов Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы отан қорғаушылар күнін мерекелеу аясында мерекелік бағдарлама өткізді!
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" МДК ұжымы "Достық" әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламамен Дружба ЖББМ-дегі Дружба тұрғын алабына барды. Концерттік бағдарламаға көрермендерге ұнайтын әртістер: Нұржан Жақсан, Дәулет Ақтанов, Еран Сапаров, домбырашы Мұрат Тілеуғабылов қатысты
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 30 сәуірде "Мирас" мәдениет үйінің әртістері: Дәулет Ақтанов, Ерлан Сапаров "Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекемесі" РММ-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
30.04.2024
Б. Майлин дом культуры
Халық бірлігінің шуақты күні.
30.04.2024
Амангелді дом культуры
«Тал егу – игі іс» экологиялық акциясы жалғасуда
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қала орталығында өтетін концерттің тоқтатылуына байланысты, 2024 жылғы 01 мамырда сағат 18:00-де "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Баршаңызды концертке күтеміз!
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
СЫР - СҰХБАТ
Автор: Амангелді дом культуры
04.05.2024
Ary qaraı
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
Автор: Амангелді дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
Халық бірлігінің шуақты күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
30.04.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý