altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
АХАҢ МЕРЕЙТОЙЫ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?
29.01.2022
1487
0

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. 


 
Жалпыреспубликалық жоспар
 
Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақ елінде кең ауқыммен тойланбақ. 2021 жылғы 9 қарашада Үкімет арнайы қаулы шығарып, осы мерейтойды ұйымдастырып өткізуге төрағасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары басқарған жауапты комиссияның құрамын бекіткен болатын. Осы комиссия Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар әзірлеген. Аталған жоспардың жобасында 63 пункттен тұратын түрлі бағыттағы іс-шаралар қарастырылған. Оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы кескінделген пошта маркалары мен Ұлттық банк монеталарын шығарудан бастап, жол жөндеуге дейінгі нақты шаралар бар.
 
Олар:
- ғылыми конференция, симпозиум, форум түріндегі, онлайн және оффлайн форматтағы жиындар;
- ғалымның еңбектерін әлемнің танымал тілдерінде басып шығарып, халыққа таратуға бағытталған 8 шара;
- айтыс, мүшәйра, фестиваль, конкурс форматындағы республикалық және өңірлік деңгейдегі 12 байқау;
- Ахмет мұрасын сахналық қойылым, кино, спектакль арқылы дәріптеуге арналған шаралар;
- халықаралық деңгейдегі 7 ауқымды шара;
- ақпараттық-имидждік бағыттағы шаралар;
- сәулет және реставрациялық бағыттағы 7 шара.

Жоспарда жыл аяғына дейін Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы толықметражды көркем фильм түсіру қажеттігі де айтылған. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлық тағайындау ұсынылып отыр. Облыс орталықтарындағы мектептерге, орталық көшелер мен даңғылдарға мерейтой иесінің есімін беру үшін өңірлік ономастика комиссиялары белсенді жұмыс істеуі қажет.
 
Халықаралық деңгейдегі іс-шараларға келсек, ТҮРКСОЙ аясында отандық және шетелдік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Ыстанбұл қаласында дөңгелек үстел мен фотокөрме ұйымдастыру көзделген. Ал, басты шараның діңгегі - ЮНЕСКО ұйымының штаб пәтері орналасқан Париж қаласында өткізілмек.
 
Комиссия мүшелері осы жалпыреспубликалық жоспар аясында Сыртқы істер министрлігіне Түркияның Анкара қаласы мен Ресей Федерациясының Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату мәселесін қарастыруды ұсынған. Сонымен қатар, Әзербайжан астанасында «Баку конгресі және Ахмет Байтұрсынұлы» атты конференция өткізу жоспарланған. Ақпараттық-имидждік бағыттағы шаралардың ішінде арнайы портал құру бастамасын бөліп айтуға болады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында қайраткер тұлғаның өмірін, қызметі мен мұрасын зерттеуге арналған «Ахмет әлемі» интерактивті порталы құрылмақ.

Сәулет-рестврациялық бағыттағы жұмыстардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлының есімін алған музей-үйлерді реставрациялау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында Ұлт ұстазына арнап ескерткіш орнату, Қостанай облысы Жангелді ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылындағы Ахаң туған үйді қалпына келтіріп, музей-үй етіп ашу және Байтұрсын әулетінің қорымын қоршау,сияқты шаралар қамтылған.

 
Ахаң еліндегі әзірлік
 
Бірер күн бұрын Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданына жасаған іссапары аясында А.Байтұрсынұлы ауылына арнайы барды.

Жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауыл тіршілігіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Биыл мерейтой қарсаңында ауданның, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлы ауылының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бірқатар жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, Ахаңның туған жерінде сапалы интернет жүргізу, ауыз сумен қамтамасыз ету, елді мекендер арасындағы жолдарға тас жол төсеу сияқты жұмыстар атқарылмақ.

 
Осы жылы киелі нысандарды жөндеу, автомобиль жолдарын қалыпқа келтіру, А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатовтың әдеби мұражайларының ғимаратын ағымдық жөндеу, сондай-ақ көрме залдарын қайта экспозициялау жоспарлануда, бұдан басқа да көптеген іс-шаралар қарастырылған.
 
Сонымен қатар, Ұлт көсемінің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны "А.Байтұрсынұлы мұражай үйі" ретінде қайта жасақтау көзделіп отыр.
 
А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған басты іс-шаралар осы жылдың қыркүйек айында аудан орталығында өткізіледі. Мерейтой аясында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру және оған зерттеушілердің, сондай-ақ ағартушының жақын туыстарының қатысуын қамтамасыз ету қажет екені ескертілді.

 
«Бұл тойдан ізгілікті із қалуы керек»
 
Осы мәселенің басы-қасында жүрген, айтулы датаның ЮНЕСКО көлемінде лайықты тойлану қажеттігін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдап, қозғау салған сенатор Алтынбек Нұхұлының айтуынша, бұл жоспарға қосымша ұсыныстар енгізілуі мүмкін.
 
«Жалпыреспубликалық жоспарға енген шаралардың бәрін қағаз жүзінде орындауға болады. Алайда, біз жоспарға енген дүниенің бәрін сапалы өткізуге атсалыссақ деп ниеттеніп, бірнеше депутат пен зиялы қауым өкілдерінен құралған қоғамдық кеңес құрып отырмыз. Ахаң атындағы халықаралық қор да құрылып жатыр. Алғашқы отырысымызда айтылған ұсыныстардың бірі - ұлт үшін туған арда азамат, біртуар тұлға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мәдени әрі ғылыми орталық Елордада ашылса деген ниет. Сонымен қатар, кіндік қаны тамған ауылындағы мұражай үйін дұрыстап қалыпқа келтіру мәселесі. Ахмет туған ауыл мен Қостанай қаласының арасы – 665 шақырым. Ал, аудан орталығы Торғай мен ауылға апаратын грейдер жолдың 100 шақырымнан астамына асфальт төсеу қажет. Қазір 10 шақырымнан астамына ақша бөлінді. Енді қалғанына қаражат бөлгізу керек болып отыр», - дейді депутат.
 
Сондай-ақ, сенатор әуелде республика көлемінде өтеді деп жоспарланған «Ахаң жүріп өткен жол» экспедициясы халықаралық деңгейде ұйымдастырылуы мүмкін екенін айтады. Ол үшін ғалымның табаны тиген мемлекеттердің нақты тізімі айқындалып жатқан көрінеді.
 
«Конференция, айтыс, конкурстар өз алдына өтеді ғой. Бірақ бұл тойдан ізгілікті із қалуы керек. Ол үшін ескерткіштер орнатылып, құнды кітаптар басып шығарылуы қажет. Білім және ғылым министрімен жүзбе-жүз сөйлестік. Бұл саладағы мекемелер - жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер, ғылыми-зерттеу институттары көрсетілген іс-шараларда атсалысатындығы, сонымен қатар арнайы медаль шығарылып, Ахаң атындағы стипендия тағайындалмақшы. Тағы бір үлкен дүние – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Өнегелі адамдар өмірі» сериясымен Ахмет Байтұрсынұлы туралы арнайы кітап дайындап жатыр. «Алаш» орталығының басшысы Сұлтанхан Аққұлұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы музей үйінің директоры Райхан Имаханбет бастаған топ 12 томдығын дайындауда. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 5 томдық академиялық толық шығармаларын дайындап жатыр. Ахаңның ел тарихында атқарған баға жетпес жан-жақты істерін жаңа қырынан көрсететін еңбектер өмірге келуі керек. Мерейтой соңынан қалатын із деп осыларды айтуға болады», - дейді Алтынбек Нұхұлы.
Тәуелсіздік алған кезеңнен бері мерейтойы мемлекет қолдауымен әлемдік деңгейде кең ауқымда аталып өткелі отырған Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын жоғары деңгейде өткізу - әр қазақстандықтың парызы болуы керек. Былтыр желтоқсан айында Qazaqstan телеарнасы «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты тарихи телехикая шығарды.

Ал өткен жылдың 26 қарашасында «Соңғы үкім» толықметражды көркем фильмінің түсірілімі басталған болатын.
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Қала орталығынан Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Мирас» мемлекеттік мәдениет үйіне көшірілді. Баршаңызды 9 мамыр 18:00-де мерекелік концертте күтеміз
07.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрінің орындауында қазіргі заманғы әндер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды
06.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.
04.05.2024
Амангелді дом культуры
СЫР - СҰХБАТ
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
02.05.2024
Амангелді дом культуры
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 01 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Мирас" ҚМС ұжымы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама корсетті
01.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» қалалық Мәдениет сарайының 1-ші филиалы Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өткізді
01.05.2024
Амангелді дом культуры
1 Мамыр-Қазақстан Халқының Бірлігі күні мерекесіне орайластырылған "Татулықтың туын тік" атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды
01.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік концерт болып өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 30 сәуір күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарлама мен түрлі тілдегі әндерінің аудандық фестивалі өтті
30.04.2024
Денисов дом культуры
2024 жылдың 02 мамыр күні Денисовка ауылының №8 Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері үшін Денисов Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы отан қорғаушылар күнін мерекелеу аясында мерекелік бағдарлама өткізді!
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 30 сәуірінде Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" МДК ұжымы "Достық" әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламамен Дружба ЖББМ-дегі Дружба тұрғын алабына барды. Концерттік бағдарламаға көрермендерге ұнайтын әртістер: Нұржан Жақсан, Дәулет Ақтанов, Еран Сапаров, домбырашы Мұрат Тілеуғабылов қатысты
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 30 сәуірде "Мирас" мәдениет үйінің әртістері: Дәулет Ақтанов, Ерлан Сапаров "Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ҚР ІІМ ҚАЖК № 38 мекемесі" РММ-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған концерттік бағдарламаға қатысты.
30.04.2024
Б. Майлин дом культуры
Халық бірлігінің шуақты күні.
30.04.2024
Амангелді дом культуры
«Тал егу – игі іс» экологиялық акциясы жалғасуда
30.04.2024
Қостанай қ. дом культуры
Қала орталығында өтетін концерттің тоқтатылуына байланысты, 2024 жылғы 01 мамырда сағат 18:00-де "Мирас" мәдениет үйінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Баршаңызды концертке күтеміз!
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
СЫР - СҰХБАТ
Автор: Амангелді дом культуры
04.05.2024
Ary qaraı
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
Автор: Қостанай қ. дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
Автор: Амангелді дом культуры
02.05.2024
Ary qaraı
Халық бірлігінің шуақты күні.
Автор: Б. Майлин дом культуры
30.04.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý