Сонымен қатар, «Күйшілер одағы» РҚБ-ның Құрмет грамотасымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Амангелді ауданының Құрметті азаматы, «Қазына» меценаттар сыйлығының иегері, дәулескер күйші Айтбай Мұздаханов марапатталады. Дарынды домбырашының тиесілі марапаты өзі тұратын Амангелді ауданына жолданып, Құрмет грамотасы өнер иесіне тұрғылықты жерінде табыс етіледі.
Күйшілік өнерге еңбектері сіңіп, есімдері еленген ерек таланттарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!


