QOSTANAI OBLYSYNYŃ MÁDENIET ÚILERINIŃ AQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
Bizdiń MıssııamyzOrtalyq qurylymyOBLYSTYQ MÚ SAITTARYQostanaı obl. Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryFoto men vıdeo galereıasyBiz BAQtaSuraq-jaýap
MEREKELIK KONTsERTTER JÁNE BASQA IS-ShARALAR
Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлттық мұра-Домбыра» (ФОТОРЕПОРТАЖ ЖӘНЕ АҚПАРАТ)
09.07.2019
97
0
Ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлттық мұра–домбыра» мерекелік іс-шараның ақпараты





Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының  «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК 2019 жылғы 7 шілде күні «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағы» жағалауында Ұлттық Домбыра күніне арналған облыстық «Ұлттық мұра -Домбыра» атты мерекелік іс-шарасын өткізді. Іс шара барысында  «Дәстүрлі ән»,«Жыр-терме»,«Күй» номинациялары бойынша байқау ұйымдастырылды. Байқауға аудандардан 24 қатысушы қатысты.

Байқаудың мақсаты - ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, сонымен бірге, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын басшылыққа ала отырып, ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту, жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және дарынды жастарға шығармашылық қолдау көрсету.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында - Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, облыстық меценаттар клубы «Шабыт» және «Қазына» сыйлықтарының лауреаттары, өнер жолындағы белгілі ұстаздар, Республикаға танымал дәстүрлі өнерді насихаттаушылар Азамат Мұқатов, Талғат Молдағалиев, Ыбырай Есжанов төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша:
«Күй» номинациясы бойынша
1 орын - Санай Дінмұхаммет (Қостанай қ.);
2 орын - Әлібеков Айдын (Амангелді ауданы); 
3 орын – Ысқақова Әсем (Меңдіқара ауданы) иеленді.

«Дәстүрлі ән» номианциясы бойынша:
1 орын – Өтемұратов Жасұлан (Рудный қ.);
2 орын – Таңатарова Айбике (Рудный қ.);
3 орын – Есетова Ғанибет (Амангелді ауданы) иеленді.

«Жыр-терме» номинациясы бойынша: 
1 орын - Қабдрашова Торғын (Алтынсарин ауданы);
2 орын – Нағашыбай Мұрат (Меңдіқара ауданы);
3 орын – Әли Қаныбек (Қарабалық ауданы) иеленді.

1 орын иегерлеріне диплом, домбыра және сертификат (70 000 т.);
2 орын иегерлеріне диплом, арнайы сыйлық және сертификат (50 000 т. );
3 орын иегерлеріне диплом, арнайы сыйлық және сертификат (30 000 т.) табысталды.

Сонымен қатар, байқау қатысушыларына арнайы жүлделер тағайындалды: «Н.Наушабаев  атындағы жүлдені» - Қыдырбек Қиысхан (Қостанай қ.) «Ахметқан Әбіқаев атындағы жүлдені» - Арай Ерсары (Жангелдин ауданы), «Абай Әмірханов атындағы жүлдені» - Айбек Сыздықов (Алтынсарин ауданы) иеленді. Жүлде иегерлеріне диплом және Домбыра табысталды.
 
Мерекелік іс-шара барысында «Instagramm» әлеуметтік желісінде ойнатылған викторина сұрақтарына дұрыс жауап берген жеңімпаздар сыйлықпен марапатталды және әлеуметтік желі бойынша 7 шілде күні соңғы   сұраққа дұрыс жауап беріп жеңімпаз атанған Темірбекова Айгүлге басты сыйлық Домбыра табысталды.

Мерекелік іс-шарада Е.Өмірзақов атындағы облыстық қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, І.Омаров атындағы қазақ драма театры, Қостанай қаласының «Домбыра дастан» ансамблі, «Жұлдыз» студиясының өнерпаздары, Алтынсарин ауданының «Мұрагер» ансамблі, Қостанай ауданының «Көк бөрі» этно-ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар,  Қостанай облысының аудандары мен қалаларының домбырашылары бірігіп Ә. Желдібаевтың  күйі «Ерке сылқым» және Құрманғазының «Балбырауын» күйін  ойнады.

Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара аудандар мен қалаларда жоспар бойынша ұйымдастырылды.
 
Қатысушылар саны 400 адам.

 
Pikirler (0)
Jiberỳ
ÓZGE JAŃALYQTAR
7 шілде күні "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағы" жағалауында "Ұлттық мұра Домбыра" атты облыстық мерекелік іс шарасы өтті. Іс шара барысында терме, дәстүрлі ән және күй номинациялары бойынша байқау өтті. Байқауда әр ауданнан 24 қатысушы өнер көрсетті, сонымен қатар домбырашылардан құралған біріккен оркестр күй орындады. Осы іс-шараның өтуіне көмек көрсеткен "Мирас" мәдениет сарайының қызметкерлеріне, облыстық филармониясының қызметкерлеріне және аудандардан келген өнерпаздарға, сонымен қатар облыстық xалық шығармашылығы орталығының қызметкерлеріне алғысымды айтамын, еңбек демалысында жүрген әріптестеріме жақсы демалуларыңызға және жұмысқа тың идеялармен оралуларыңызға тілектеспін! Мереке құтты болсын! ___________________________ Облыстық көркемөнерпаздардың xалық шығармашылығы мен кинобейнеқоры орталығының директоры Д.Е. ҚАЛҚАЕВ
Автор: OQIǴALARDYŃ KALEIDOSKOPY дом культуры
08.07.2019
Ary qaraı
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
ЖІТІҚАРАҒА – 80 ЖЫЛ!
Автор: Жітіқара дом культуры
14.08.2019
Ary qaraı
Ұлттық домбыра күні аталып өтті
Автор: Қамысты дом культуры
05.08.2019
Ary qaraı
Астана күніне арналған салтанатты іс-шара
Автор: Федоров дом культуры
05.07.2019
Ary qaraı
Автор: Федоров дом культуры
01.07.2019
Ary qaraı
«Тың-Целина-2019» ХХXIII аудандық спартакиада
Автор: Федоров дом культуры
29.06.2019
Ary qaraı
"Мемлекеттік қызметші" мерекесі аталып өтті.
Автор: Амангелді дом культуры
20.06.2019
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX
Telefony:
8 (7142) 392-396, 392-397
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý