ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
№1 Qazaqstanda
Русский
Кіру
Bizdiń MıssııamyzOrtalyq qurylymyOBLYSTYQ MÚ SAITTARYQostanaı obl. Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryFoto men vıdeo galereıasyBiz BAQtaSuraq-jaýap
MEREKELIK KONTsERTTER JÁNE BASQA IS-ShARALAR
Александр КАЛУГИННІҢ шығармашылық кеші филармонияның толық залын жинады!
06.02.2019
67
0
Александр КАЛУГИННІҢ шығармашылық кеші филармонияның толық залын жинады!​
 
Фото Н. Савченко
 
5 ақпан 2019 жылы сағат 18.30 Қостанай қаласы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында  Қазақстан Репсубликасының және Украина КСР-нің еңбегі сіңірген әртісі, опера әншісі, Қостанай облысы меценаттар клубының лауреаты – Александр Иванович Калугиннің шығармашылық кеші өтті. Ұйымдастырушылар - Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылық орталығы және кинобейнеқоры.
 
Шығармашылық кеш құттықтау сөзі мен марапаттау рәсімінен басталды. Александр Ивановичтің 24 шәкірті лауреат атанып, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атағына ие болды. Талантты жастарға бағыт-бағдар берген кеш иесі облысымызға, республикаға танымал өнер иелерін тәрбиелеп шығарды. Шәкірттері:  Амре (Ернар Садирбаев), Балуан Беркенов, Батырхан Маликов, Мирас Киньяров, Айдана Жакупова, Айгерим Сандыбекова, Арман Токкабулов, Айгерим Кенжетаева, Серик Кадыржанов, Диана Нурканова, Анна Уварова, Арнур Каскабаева, Анель Толендина, Айнур Ризакызы. Кештің қонағы Б.Беркеновтің шәкірті Мақсат Саматовта өнерін көрсетті. Жас орындаушылардың қатысуымен өткен концерт Елбасының 2019 жыл Жастар жылы деп бекіткен бағдарламасының бастауы болды. 
 
Александр Иванович Украина жерінде Николаев қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген азамат Симферополь көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауына қатысып бірінші орынды иеленген, осылайша әнге деген таланты ұштала түсті.                                     
1967 жылы А.Нежданова атындағы Одесса мемлекеттік консерваториясына вокал бөліміне оқуға түсіп, оны 1971 жылы аяқтаған. 1968 жылы студенттерге арналған құрылыс жасағына қызмет көрсету үшін  «Одесские каникулы» ұйымын құрды. 
 
1971жылы Қостанай облыстық филармониясында жеке орындаушы болып 27 жыл қызмет атқарды.
Әншінің репертуарында - романс, опера, камералық шығармалар сонымен қатар халық әндері де бар. Муниципалдық джаз оркестрін және халық аспаптар оркестрін құруда еңбегі зор.  
 
Шығармашылық кештің өтуіне себепкер болған - Балуан Беркенов. Сахна төрінде классикалық, эстрадалық жанрда, сонымен қатар қазақ халқының, әлемдік композиторлардың шығармалары шырқалды. Шәкірттерінің шығарған авторлық әндері де қошеметке ие болды. Кеш жоғарғы деңгейде өтті.  Өнер иесіне шығармашылық шабыт тілейміз, облысымыздың жас өнерпаздарының талантын  дамыта берсін!
 
Іс шараға қатысушылар саны – 400 адам.
Пікірлер (0)
Жіберу
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Алтын микрофон байқауы
Автор: Амангелді дом культуры
ҚАРАСУ - ТӨРІНДЕ ӘЗ НАУРЫЗ!
Автор: Қарасу дом культуры
Бастаңғы
Автор: Амангелді дом культуры
«Сәлем саған, Наурыз!»
Автор: Федоров дом культуры
Көше әндері - 2019
Автор: Амангелді дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық қөркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы" КМҚК
Заңды мекенжайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.,
Әл-Фараби к-сі, 111-А, «ПАРУС» бизнес орталығы.
Реквизиттер:
БИН 990340002744
ИИК KZ106010221000002720
АҚ «Қазақстан Халық Банкі»
БИК HSBKKZKX
Телефоны:
8 (7142) 392-396, 392-397
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру