21 жастағы Бекболат – жастығына қарамастан тәжірибесі бар әнші. Ол осы уақытқа дейін "Алтын микрофон" байқауының Гран-приін қанжығасына байлаған, "Super Qala Kz" тележобасына және ТНТ арнасындағы "Песни" жобасының кастигіне қатысқан. Ал Айдар Жазықбаев ағасынан 4 жас кіші, сөйте тұра оның да музыка өнерінде бағындырған жетістіктері олқы емес, атап айтқанда отандық "Балалар дауысы. Қазақстан" және басқа да халықаралық жобаларда бақ сынап көрген, сонымен қатар, "Алтын микрофон" байқауының лауреаты атанған.
Осынау дарынды жұптың жетістіктері жыл озған сайын толығыса беретініне күмән келтірмеуге болады.
Ал, әзірге, жерлестеріміздің әр қадамын аңдап, жеңімпаз атануларын тілеп, барынша жанкүйер боламыз!
