Жезқазған қаласының әкімдігі, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2019 жылдың 18-19 қазан аралығында Жезқазған қаласында «Өнер өлкесінің «Жезкиігі» Жақсыкелді Сейілов атындағы республикалық әншілер конкурсы басталды. Аталмыш байқауда Қостанай облысының намысын Қостанай аудандық мәдениет үйінің әншісі Қабыкенов Нұриден қорғайды. Олай болса, Нұриденге сәттілік серік болсын дейміз. @nuridenkabyken @altyn_dan_kultura_ztb