altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzynkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Bizdiń MindetimizOrtalyq tỳralyQostanaı oblysynyń Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanai oblysynyń MÚ saittarySuhbatFoto men beine galereiasy«Shabyt qanatynda» jýrnalyQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryBiz BAQ-taSuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃMÁDENIET ÚILERINIŃAQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
DK nusqasy
ТОБЫЛ ТӨРІНДЕ – ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ДУМАНЫ
28.04.2021
882
0

Тобыл қаласының "Алтын дән" мәдениет үйінде сұңғыла сатирик, қазынакеуде қаламгер, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы "Мірдің оғы" республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтті. Өнер думаны Қазақстанның әр өңірі және облыстың аудан-қалаларындағы сахна шеберлерінің басын қосты.

 
Бұл әзіл-қалжың мерекесі облыста екінші рет өтіп отыр. Тұсауы 2019 жылы Арқалық қаласында кесілген еді. Ол кезде сынға түскен ұжымдардың көбі өзіміздің өңірден болды. Биыл фестивальдің географиясы кеңейіп, қатысушылар саны артқан. Атап айтқанда, осы жолы өнер додасына Алматы, Жамбыл, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарынан ұзын-ырғасы 10 театр қатысты.
 
"Біз бұл фестиваль арқылы Сейіт ағайдың сатиралық мұрасының насихатталуына жауапты болуға тиістіміз. Сондай-ақ, осы жоба арқылы сатира театрларының қызметін қолдауға, олардың бас қосып, өзара тәжірибе алмасуына, жалпы өнерпаздарға қолдау көрсетуге себепкер болатынымызға, фестиваль осы үміт үдесінен шығарына сеніміміз зор. Әрине, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты көрермен саны жағынан шектеу бар. Дегенмен, шын шеберлерге бұл да кедергі болмас деген үміттеміз. Барлық ұжымға сәттілік тілейміз", - деді облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов фестивальге дейін өткен баспасөз мәслихатында.
 
Ал Көпен Әмірбек "Мірдің оғы" жалғасын табады деген жаңалыққа қуанып, мәдениет пен өнерге ат салысайын деп арнайы келгенін айтып, ұйымдастырушыларға рахмет лебізін жеткізді.
 
"Ертеректе Францияның әлдебір президентінің: "Егер менің қорғаныс министрім нашар болса, бір соғыстан жеңілермін, егер ауыл шаруашылығы министрі осал болса, бір жыл егінсіз қалармын, ал егер мәдениет министрі нашар болса, онда елім елу жыл кері шегінер еді", - деген екен. Осы сөз – сөз-ақ. Сондықтан облыс басшылығының қолдауымен Мәдениет басқармасының осы фестивальді қолға алуы – мәдениетті ілгерілетуге деген ұмтылыстың нышаны, - деп толғанды сатирик. - Сейіт – сатира саласындағы қамшының шашағындай ғана азғандай саңлақтардың бірі де бірегейі болды. Оңтүстіктің Оспанханы, батыстың Үмбетбай Уайдині, Қызылорданың Асқар Тоқмағамбетові болса, бүкіл Сарыарқада Сейіттей керемет сатира шебері бар ма еді? Әрине, жоқ. Мына фестиваль бұрын Арқалықта өтсе, биыл Қостанайда жалғасып жатыр, бұйырса, келесі жылы, арнасы кеңейіп, Нұр-Сұлтан қаласында өткізсек, осыны басшылық қолға алса, насихаттың көкесі сол болар еді".
 
Сатириктің бұл пікірін Сейіт ағайдың қызы Зәмзәгүл Кенжеахметова да құптады. "Бұл фестивальді Қазақстанның "Юрмаласына" неге айналдырмасқа?" дейді ол.
 
Мәжілістен кейін іле күлкі думаны басталып, сатира сахнасының шымылдығы түрілді. Фестиваль екі күнге ұласты. Қатысушыларға алғашқы күні берілген тапсырма – Сейіт ағамыздың сатирасын сахналау, сын садағынан серпілген сықақтарын нақышына келтіре орындау. Ал фестивальдің екінші күні әр театр өздерінің шеберліктерін еркін тақырыпта танытуы тиіс. Бірінші кезеңде қай ұжым да барын салып бақты. Елге танымал "Бәке, Сәке", "Екі езу" театрларының тәжірибесі айрықша аңғарылғандай. Арқалық жасөспірімдер театрының, маңғыстаулық "Бостан" ұжымының әртістері де олқы өнер көрсеткен жоқ. Жамбыл облысынан келген қос театр, БҚО-ның "Қожасы" Сейіттің жерлестерін тәнті етуге тырысты. Амагелді мен Жангелдин ауданының әртістері, сондай-ақ Қостанай қаласының намысын бір өзі арқалап шыққан Арғын Жүкебаев та көрермен көңілінен шығуға бар қабілетін салды. "Тілінің қотыры бар" дарынды әзілкештер автор шығармасының желісінен айнымай отырып, бүгінгінің бүлкілді мәселелерін орайлы жымдастырып, кейбір тұстарда ұтқырлық, тапқырлық танытып жатты.
 
Әртістер өнеріне фестивальдің құрметті қонақтары – танымал сатирик, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек және Сейіт ағайдың қызы Зәмзәгүл Кенжеахметова, сондай-ақ ақын, сатирик Абылай Мауданов қазылық жасады.
 
Күлкі думанының екінші күні өнерпаздар еркін тақырыптағы көріністерін сахнаға алып шықты. Араларында Сейіт Кенжеахметовтің туындыларын қайта таңдаған ұжымдар болды. Әзілкештер шеберлік деңгейін де, тас-түйін дайындығын да осы шешуші сәтте көрсетуге, көрермен көңілінен шығуға жан салды. Қайткенмен де, үміткерлердің үздігін анықтау – қырағы қазылардың ғана құзырында. Сонымен, фестваль қорытындысында төрешілер шешімімен басты жүлде – Сейіт Кенжеахметов атындағы сыйлық ақтөбелік "Екі езу" театрына бұйырды. Шона Смаханұлы атындағы сыйлыққа Жамбыл облысы, Талас ауданының өнерпаздары, А.Тоқмағамбетов атындағы жүлдеге Жангелдин ауданының әртістері, Садықбек Адамбаев атындағы сыйлыққа қостанайлық әзілкеш Арғын Жүкебаев, Оспанхан Әубәкіров атындағы жүлдеге Алматыдан келген "Бәке, Сәке" театры, Ғұмар Ахметчин атындағы сыйлыққа маңғыстаулық "Бостан" ұжымы ие болды. "Көрермен көзайымы" аталымы амангелділік әртістер еншісінде. Сондай-ақ, жақсы өнер көрсеткені үшін Арқалық театры, БҚО-ның "Қожа" ұжымы, Жамбыл облысының Талас ауданынан келген өнерпаздар да алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жүлдегерлердің барлығына Сейіт Кенжеахметовтің кітабы естелік ретінде табысталды.
 
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
13.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
12 мамырда Қостанай қаласында " Dance Mania "халықаралық хореографиялық байқауы өтті
12.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 12 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өткізді
11.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! 2024 жылғы 12 мамырда сағат 17:00-де "Мирас" ҚМС Аналар күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Барлығын мерекелік концертке күтеміз
10.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Аналар күні
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Жеңіс күніне арналған Концерт
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 9 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы Жеңіс күніне арналған мерекелік концертін өткізді
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
09.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 09 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы Жеңіс күніне арналған еске алу митингін өткізді. Бұл күні Ұлы Отан соғысының ардагерлері құттықталып, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
09.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Басты мереке.
09.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылды
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» МҮ ұжымы және мемлекеттік мәдени орталығының ұжымы «Достық» әлеуметтік-мәдени орталығымен бірлесіп, Жеңіс күніне арналған « «Ұрпаққа Ұран болған – Ұлы Жеңіс» Дружба тұрғын алабында мерекелік концерт өткізілді
08.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Қала орталығынан Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт «Мирас» мемлекеттік мәдениет үйіне көшірілді. Баршаңызды 9 мамыр 18:00-де мерекелік концертте күтеміз
07.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 07 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. 6697 әскери бөлімінің әскери оркестрінің орындауында қазіргі заманғы әндер мен соғыс жылдарындағы әндер орындалды
06.05.2024
Б. Майлин дом культуры
Отан қорғаушылар күнін Бейімбет Майлин ауданында мерекелік концертпен атап өтті.
06.05.2024
Әулиекөл дом культуры
Отан Қорғаушылар күні мерекесі аталып өтілді
04.05.2024
Амангелді дом культуры
СЫР - СҰХБАТ
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін, 2024 жылғы 3 мамырда «Мирас» жас би ансамблі, жетекшісі Екатерина Черкасовамен бірге «Қазақстан Қостанай» телеарнасының студиясына шақырылды
03.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
2024 жылғы 02 мамырда Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" ҚМС-да бас дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қостанай қаласының Құрметті азаматы Александр Евсюковтың жетекшілігімен Халықаралық джаз күніне арналған "Big Band" эстрадалық-джаз оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті
02.05.2024
Қостанай қ. дом культуры
«Мирас» Мәдениет сарайының өмірі
02.05.2024
Амангелді дом культуры
ЖАҢА ӘН ~ ТҰСАУКЕСЕР!
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Аналар күні
Автор: Б. Майлин дом культуры
10.05.2024
Ary qaraı
Жеңіс күніне арналған Концерт
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
9 МАМЫР, ЖЕҢІС САЯБАҒЫ, ҚОСТАНАЙ, 2024
Автор: Қостанай қ. дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Басты мереке.
Автор: Б. Майлин дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Ескерткіш маңына гүл шоқтары қойылды
Автор: Әулиекөл дом культуры
09.05.2024
Ary qaraı
Отан Қорғаушылар күні мерекесі аталып өтілді
Автор: Әулиекөл дом культуры
06.05.2024
Ary qaraı
СЫР - СҰХБАТ
Автор: Амангелді дом культуры
04.05.2024
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BSN 990340002744
JSK KZ8594807KZT22031664
«Eỳraziialyq bank» AQ
BSK EURIKZKA
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý