Bizdiń MıssııamyzOrtalyq qurylymyQostanaı obl. Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryFoto jáne beine galereiasyOBLYSTYQ MÚ SAITTARYSuhbat jáne tikelei efirlerAýyl tynysy«Tobyl - Torģai» áỳenderi«Shabyt qanatynda» jýrnalyBizdiń Arnaiy Jobalar
QOSTANAI OBLYSYNYŃ MÁDENIET ÚILERINIŃ AQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
HALYQ FESTIVALDARY, BAIQAẎLAR MEN AITYSTAR
Жазба айтыс – ақындар аламаны
07.09.2020
200
0
Қостанай облысы әкімдігінің  Ішкі саясат басқармасы және облыстық «Қостанай таңы» газеті бірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен бір жұмбақ адаммын…» республикалық ашық жазба айтысын өткізген еді.

Еліміздің әр түкпірінен өтінім жіберген азулы ақындар ақпан-тамыз аралығында, алты ай бойы интернет арқылы аламанға түсті. Атап айтқанда, жыр сайысында қабілетін сынға салып көруге Қостанай, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан ұзын саны 18 ақын жобаға қызығушылық танытты. Қай-қайсысы да «талаптың тұлпарын мінген, тас қияға өрлеуге ұмтылған» дарын иелері. Дәмелілер қатарында жазба айтыстың тұрақты қатысушылары да, жобаға жыр-күлігін жетелей келген жаңа есімдер де бар. Айтыс ережесі бойынша, ақындар екеуара «What's App» желісі арқылы сөз-сайысқа түсіп, әр жұп еншілеріне берілген апта шамасындағы уақытты пайдаларына жаратуы керек. Шарт бойынша, жеңілген ақын жобадан шығарылып отырды. Кімнің бәсі басым болып, қайсысының «тізе бүккенін» әр айналым аяқталған сайын арнайы әділ қазылар алқасы анықтап, сараптады. Үш айналымға созылған өлең бәсекесін шын мәнінде де жырсүйер қауымға жасалған тамаша тарту десе болатындай. 
 
Айта кету керек, жазба айтыс осымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Жобаның жыл сайын қанатын кеңге жайып келе жатқаны да аңғарылады. Биылғы басты жаңалықтардың бірі – үш жыл бойы өткен жыр-жарыстар жеке жинақ болып жарық көрді. «Жазба айтыс – жыр-жауһар» аталатын етжеңді кітапқа үздік айтыстар іріктеліп енгізіліп, қалың оқырманға жол тартып отыр. Бұл жобаны өңір әдебиетіне қосылған өлшеусіз қазына десек те артық айтпаған болар едік. Ал жыр-жинақ ұлт өнерін қастер тұтқан әр қазақтың сөресінен орын табуға лайық деп білеміз.
 
Қош. Осынау тұрқы бөлек, өрнегі ерек сөз сайысын өлеңге жаны құмар оқырмандарымыздың назарына кезекті мәрте ұсынуды жөн көрдік.
 
Материал «Қостанай таңы» газетінен алынды​


Балтасар мен Нәрияның айтысы

 
                     

 
Құрметті жырсүйер оқырман!
Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы мен облыстық "Қостанай таңы" газетінің ортақ жобасы – республикалық жазба айтыстың алғашқы жұбымен таныс болыңыздар. Олар – Батпаққара өңірінің бапты ақыны Балтасар Ізтілеуов пен Нұр-Сұлтан қаласының айтыскер аруы Нәрия Ақбабақызы.
 

Балтасар Тұрысбекұлы Ізтілеуов Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Есір ауылында туған.  "Жастар жырлайды", "Жас тұлпар", "Армысың, әз Наурыз?", "Көш керуен", "Менің тағдырым сенімен, Қазақстан", "Тарихтан тағлым", Көк тудың желбірегені", "Жыр алыбы – Жамбыл", "Науырзым – дәстүрлі ізгілігім" атты республикалық, облыстық, аймақтық айтыстарда жүлдегерлер қатарынан көрінген. "Бейбіт күн кептерімін қанат қаққан" атты өлеңдер жинағының авторы. Қостанай облысының Меценаттар клубы тағайындаған "Шабыт" сыйлығының" лауреаты.
Нәрия Ақбабақызы – ҚХР-ның Алтай аймағы, Көктоғай ауданының тумасы. Өскен жері – Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы. Нәрия 10 жасынан бастап айтыс сахнасына шыққан. Облыстық оқушылар айтысында талай мәрте топ жарған. Қостанай облысында өткен "Мәңгілік ел", "Кітапхана түні", "Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте", "Жыр алыбы Жамбыл", "Тәуелсіздікке арнау: Мәңгілік ел жастары жырлайды" және өзге де көптеген айтыста жеңімпаз, жүлдегер болған. Алматы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан қалаларында өткен ақындар аламандарында да үздіктер қатарынан көрінген.
     Олай болса, сөз кезегін ақындарға берейік.
 

Балтасар: 
Кеудемде күй күмбірлеп, ән тасыған, 
Дәстүрлі ұлы өнерім болса асығам. 
"Қостанай таңы" жасап жазба айтысты, 
Көп үміт күтіп отыр баршасынан. 
Ассалаумағалейкум, оқырмандар, 
Жыр күткен ақындардың алқасынан. 
Шығыстың бір гүлімен жұп қылыпты, 
Ойып алып ақындардың ортасынан. 
Қырындап отыр ғой деп ойламасын, 
Қарындастың қағамын арқасынан. 
Балтасар балаң шықты алдарыңа, 
Арадай омартаға бал тасыған. 
 
Қызыққа батырайын жыр алаңын,
Ағайын, сол болса егер сұрағаның?
Он сегіз ақын топқа қосылыппыз,
Көбінің шамасы елге, сірә, мәлім.
Алғашқы жұбы айтыстың екеуіміз ғой
Қарындасым жолықса, қуанамын.
Текті жұрттың баласы емес пе едік,
Сондықтан жөн болмайды-ау сынағаным.
Айтыс-тартыс болғанмен басты шарты,
Сыйласып, табайықшы бір амалын.
Жүз шайыссақ, онымыз кімге керек?
Жүзі жылы еді ғой бұл ағаның.
Ендеше, көрсетейік ақындардың
Баласы екендігін бір ананың.
 
Жырымнан ұсынайын бал сұрасаң,
Еліме шығып едім қарсы қашан?
Ал, енді, қарсыласқа бұрылайын,
Ағалық ілтипатым – хәл сұрасам.
Шығыстың қызы едіңіз, Нәрияжан,
Жақсылық ойлайтұғын халқына сан,
Сөз қағысып көрейік,елге ұнарсың,
Мен де енді жыр тұлпарға қамшы басам,
Ақылымды айтармын "қарындас" деп,
Жігерді жерге тығып жаншымасаң.
Кезегіңді берейін, ақ сөйлеші,
Ер болып не десең де ал, шыдасам.
Айым оңынан туғаны деп білемін,
Күн нұрындай шуақ шашып, жарқырасаң.
 
Нәрия:
Арыныңыз қатты екен сарқыраған,
«Жарқыра» десең, аға, жарқырағам. 
Жағдаймыз жақсы ғой, шүкір, біздің,
Ілтипаттан айналдым хәл сұраған! 
Сізбенен жарасымды айтысуым,
«Жарты бақыт» секілді, жалпы, маған.
Ардақтап топқа қосқан елің қалай?
Аман-есен жүрсіз бе алтын ағам?
 
Айтысқа басын бұрып күреңімнің,
Ақырын аяңдатып жүре кірдім.
Армысыз, патша пейіл оқырмандар,
Бәйге алсам, иесі сен жүгенімнің.
«Қостанай таңы» жазба айтыс жасап,
Күндей сынды күлімдеуі-ай іреңімнің.
Студенттік бал шағым өткен мекен,
Бөтендігі жоқ бізге бұл өңірдің.
Төрт жылы бойы сіңіріп білім нәрін, 
Маман жасап ұшырған түлегіңмін. 
Сағынышты хат қылып жеткізсем деп,
Құлақты жазба айтысқа түре жүрдім.
Сәттісін маржан жырдың тізіп беріп,
Тәттісін арнасам деп тілегімнің.
Жазба айтыста еліме сөзім жетсе,
Дұрыс қой жасымауы жігерімнің,
Даусымды емес, жеткізіп өлеңімді,
Дүрсілін сездіртейін жүрегімнің.
 
Білеміз ақиқаттың азбайтынын,
Білеміз асыл сөздің тозбайтынын.
Балтасар ағам бастап бұл айтысты,
Көрсетті тегін өлең жазбайтынын.
«Қарындасқа қырындай алмаймын» деп,
Байқатты ойын ұзақ созбайтынын. 
Әйелінен қорқатын адамға ұқсап,
Қызық қой дәл осындай сөзді айтуың.
Әйеліңіз мойын болса, сіз бассыз ғой,
Білесіз басты мойын қозғайтынын.
Әйелі сап болғанда, ері - балта,
Керек қой қарындастық назды айтуым.
Балтасар ағам, міне, дәледеп тұр,
Балтасы өз сабынан озбайтынын. 
 
Ағадан сыйластықты ұғынасың, 
Адамның адамдықпен құны басым.
«Шығыстың қызысың» деп айтып тұрсыз,
Қорғаған адамға ұқсап құмырасын.
Елге, жерге бөлінбеу – мақсатымыз,
Қалайша жершілдікке жығыласың?!
Қазаққа ортақ болсақ, арман бар ма,
Анықтап ақиқаттың құбыласын!
Даналардың жалғасақ дара жолын,
Ұсақталып қалмайды ірі басың!
Мысалы, адамдықтың жолы осы, 
Қалайша тар ойлауға тығыласың?
Шығыстан шыққанменен хакім Абай,
Шашып тұр бар әлемге шұғыласын.
 
Балтасар:  
Аламанға ат қосқасын арқыратып, 
Сөзімнің білген дұрыс парқын анық. 
Еліміздің жағдайы, шүкір, тәубе, 
Басшылар жүр шуағын жарқыратып. 
Әмірхан әкім бастап домбыраны, 
Әр үйге сыйлап жүрміз жарқыл қағып. 
Жыл сайын мың домбыра күйін шертіп, 
Домбыраны ұлықтайды халқым анық. 
Абайдай бас ақынның жырын жаттап, 
Теріп жүрміз өлеңнен алтын жақұт. 
Алайда мына сөзің күмәнді екен, 
Қалайда әкелмейді қарқын алып. 
"Жарты бақыт емес пе айтысуым", 
Дегенің тұр ойымды қалтыратып. 
Қарындасты бір бақытты қылу үшін, 
Қайдан табу керек екен жарты бақыт? 
 
Жалғандығын білдіріп фәни бақтың, 
Нәрияжан, сені енді тани жаттым. 
"Қырындауға әйеліңнен қорқасың" деп, 
Шеңберінен аспағайсыз ар-ұяттың. 
Еркек бас, әйел мойын, басқарады деп, 
Өзің айтқан сөзіңе нали жатқын. 
Мойын қанша бұрғанмен ми болмайды,
Бұл өзі заңы емес пе табиғаттың. 
Қарындасқа қырындамайм, қызғанамын, 
Жүргесін жолыменен шариғаттың. 
 
Ойымды өлең қылып өріп тұрсам, 
Қарындасты ағасына көрік қылсам. 
Шығыстың қызы десем айып па екен, 
Әлия мен Мәншүктей көріп тұрсам? 
"Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа" 
Деген сөзді қайтемін серік қылсаң. 
Бөлініп жатқаным жоқ, құрмет қылып, 
Қос апаңдай сертіңді берік қылсам. 
Шығыстан талай текті дарын шыққан, 
Ұлы Абайдың өзі шуақ төгіп тұр сан. 
Қазақтың кең даласы бәріне ортақ, 
Жаратқан кең пейілге беріп тұрған.
 
Нәрия:
Сөзіңіздің таныс қой салты маған,
«Артық» ойға бармайды «артық» адам.
«Жарты бақыт» дегенім – астарлы сөз,
Мін іздеп неғыласыз артық одан?
Бір бақытқа бір адам жетпей жүр ғой,
Мен қалай бермегенді тартып алам?!
Дегенмен бақыт үлкен болмайды екен,
Белгілі астарлы ойдың нарқы маған.
«Жарты бақыт» дегенім сізді ұтсам,
Жеңіске жақындаймын жарты қадам.
 
Білеміз өмір заңын сүргендіктен,
Шешілмес кей кездерде күрмеу тіптен.
Абайдың «толық адам» ілімі бар,
Оқимыз ардың жолын сүйгендіктен.
Бойдағы міннен әлі арылмадық,
Бірліктен аулақ кетіп іргең тіптен.
Толық бақыт біздерге бұйырмай жүр,
«Толық адам» бола алмай жүргендіткен.
 
Сөздерінің көрсетіп сұрапылын,
Ағамыз арнап жатыр кіл ақылын.
«Әйелде ми болмайды» деген сөзден,
Мән таппай тұрғаным-ай ұғатұғын.
Айтпас бұрын анаңызды еске алып,
Ойланып, анық басып, жүр ақырын.
Абайды да Абай еткен сол аналар,
Ұясы ұлттың намыс ұятының.
Тарих әлде қашан дәлелдеген,
Тектіден текті ғана туатынын.
«Ақылыңыз қысқа ғой» деген сөзбен,
Жөн емес тұғырымнан құлатуың.
Ұмытпаңыз, әлем білген алыптардың,
Артында ақылды әйел тұратынын!
 
Ендеше, арулардың көтер құнын,
Сынамай қарындастың шекер жырын.
Әйелден қорқу жайлы әзілдеп ем,
Ағамыз ала қалды секем бүгін.
Қабырғамен кеңескен бабаларым
Өзгелерге көрсеткен өте ерлігін. 
Осыдан дәстүріміз жойылмайды,
Біз секілді ақылдылар мойындайды,
Ежелден алтын басты арулардан,
Бақыр басты ер артық екендігін!
 
Балтасар: 
Жарты бақыт бұйырар деп мені жеңсең, 
Қарағым, құмарланып, шаттанбаңыз. 
Адам емес, бір Алла десе болар, 
Орынға өтпей жатып баптанбаңыз. 
Үлкен бақыт дегенің – құлшылығың, 
Мұхаммедтен біздерге сақталған із. 
Бес дұшпанды жеңесіз Абай айтқан, 
Бес уақыт құламасаң "тақтан" нағыз. 
Алланың қалауымен қар жанады, 
Бұйрық келген күні һақтан нағыз. 
 
Сөзіңде ұлы ақынның арай жатыр, 
Қайран елге айтылған талай ақыл. 
Әр сөзіңе үңіліп қарағанның, 
Көңілі кең жайлаудай сарай жатыр. 
Абайды ұғыну үшін, Абай болып, 
Керек-ау ойлы көзбен қарай батыл. 
Әйтпесе Абайдан мықтымын деп, 
Айқайлайтын надандар манайда тұр. 
Надандықтан сүйреді өрге қарай, 
Қазақтың бар болмысы Абайда тұр. 
 
Неге ойың бір жерге жиналмайды, 
Менің айтқан сөзіме иланбайды? 
Тұғырымнан тайдырар деп ойласаң, 
Ағаңа қарындастық сый қалмайды. 
Аналардың миы жоқ демеп едім, 
Нәрия өзін неге жиі алдайды? 
Мойын басты бұрғанмен, білсін дедім, 
Адам мимен ойлайтынын ұйғармайды.
Қайталап-ақ айтамын тағы саған, 
Мойынменен ойлайтын ми болмайды.
 
Айта ма деген едім ұлтым жайлы, 
Оқырман бізден үлкен жыр тыңдайды. 
Аналардан ардақты жан болмайды, 
Төндіреді неге бұған бұлтын қайғы? 
Менің анам он бала тапқан жан ед, 
Алтын құрсақтан еш құл тумайды. 
Абайды Абай еткен аналар деп, 
Түсіндірмек біздерге сылқым жәйды. 
Нәрияжан, Құнанбайдай ер болмаса, 
Абайдай ешқашан да ұл тумайды. 
 
Топқа түссек желдіріп құнан тайдай, 
Армансыз қарындаспен шығам айға-ай. 
Қарындасым, тезірек теңіңді тап, 
Көнуің керек десең, ұғам жайды-ай. 
Абайдай ұлы ақынның тойында бұл, 
Жартыңды тауып алғын Құнанбайдай. 
 
Ал, қарындас, көріктім, иман берік, 
Бойына бар жақсыны жиған келіп. 
Осыменен қош аман бол тілдескенше, 
Тіршілікте бөліскен сый дәм бөлек. 
Осыменен, оқырман, сен де аман бол, 
Бізді оқуға уақытын қиған бөліп. 
Алла жазса, шығармыз алдарыңа, 
Жатса егер сөзімізге күй мән беріп.
 
Нәрия:
Текті сөзді өскенбіз тыңдап анық,
Отырмын мен өзіңдік сырға қанып.
«Алла қаласа, қар жанады» деп отырсыз,
Бұл өзді қосқан жоқсыз тыңнан алып.
«Қар жанады» дегенді Абай сынап,
«Ант ұрғандық» деп еді шынға налып.
Абай сөккен мәтелді қолданам деп,
Ертеңгі күн жүрмегейсіз сынға қалып.
 
Қалайша ағамызбен теңеспейік?
Көзіне көркем жандай елестейік.
«Құнанбайсыз тумайды» деген сөзді,
Шынымен біз білетін белес дейік.
Аналар жер болғанда, әке – аспан,
Сондықтан бұл жайында егеспейік!
 
Ашуланып кетсе де көкем мейлі,
Қалайша қарындасы көтермейді.
«Ми болмайды, қайталап айтамын» деп,
Өзінше осы сөзін бекемдейді.
«Қайталау» білімге ана болғанымен,
Ақынға атақ-абырой әпермейді.
 
Кемеңгерге толы ғой кең даламыз,
Қазақ деген осы елге бел баламыз.
Аруларға анаңыздың жолын берсін,
Құнанбайдай әке болсын енді ағамыз.
«Ертерек теңіңді тап» деп жатырсыз,
Ендеше, осы жайды қолға аламыз.
Біздер де елмен-жұртпен теңесерміз,
Жолықса күтіп жүрген «Телқарамыз»!
 
Абайды жаттап өскен құралаймын,
Бұл сынға қалай енді шыдамаймын?! 
«Жүрегінің түбіне терең бойлап»,
Асылды ардақтамас мұрадай кім?!
«Жүректің көзін ашып» арда жұртым,
Өтсе екен сынақтардан құламай мың. 
«Бес асыл, бес дұшпанын» жетік білсе,
Алысқа шабар ма едік құладай тың.
«Наданның көзі түгіл көңлін ашқан»
 Хәкімнен қалай кеңес сұрамаймын?!
Қазағым ақиқаттан адаспайды,
«Жұмбағын» шешкен кезде ұлы Абайдың.
 
Манағы тіліменен бал тасыған,
Қарындасын түсірмес арқасынан.
Айтысқан ағамызға мың рақмет,
Татырған жырларының тортасынан. 
Балталамай өзің отқан бұтағыңды,
Сынақтардың өтіңіз баршасынан.
Айтыста қарсыласым болғанменен,
Өмірде сыйласуға жалпы асығам.
Осыменен айтысымыз аяқталсын,
Пікір күтіп қазылар алқасынан.
Балтасардай ақ пейіл, жақсы ағамды,
Сақтасын батыраштың балтасынан!
 

Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
28.10.2020
Жангелдин дом культуры
Жангелдин ауданының ҚАЛАМ - ҚАРАСУ ауылдық клубына жергілікті бюджеттен ақша бөлініп жылу жүйесі жүргізілуде. Бұл әрине өте керемет жағдай. Халықтың мәдени ошағы көп жылдар бойы жылусыз тұрды. Алланың қалауымен ел мәдениетін дамыту жолында тағы бір іс тындырылды.
28.10.2020
Жангелдин дом культуры
"Ана көрген тон пішер" Аралбай ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Сарсенбаева Айгүлдің дайындаған бейнематериалы.
28.10.2020
Жангелдин дом культуры
"Дәстүр мен ғұрып" Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар. "Асық ойыны"даму үстінде десек артық айтпаған болармыз. Жаз айларында Жангелдин ауданының Спорт және дене шынықтыру бөлімі басшылығымен аула бойынша балалар арасында жарыс өткізді. Жеңімпаз атанған оқушылар марапатқа ие болды. Сол сияқты көнеден келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі ұлттық ойынымыз "Асық ойыны" дамытылу үстінде.
28.10.2020
г. Рудный дом культуры
Со 2 по 11 октября в декаду милосердия проходил XV Городской фестиваль самодеятельного творчества среди людей с ограниченными возможностями "Увидеть мир сердцем".
28.10.2020
Рудный қ. дом культуры
2-11 қазан аралығында мейірімділік онкүндігінде мүмкіндігі шект2-11 қазан аралығында мейірімділік онкүндігінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында "Әлемді жүрекпен тану» атты XV қалалық көркемөнерпаздар фестивалі өтті.еулі жандар арасында "Әлемді жүрекпен тану» атты XV қалалық көркемөнерпаздар фестивалі өтті.
28.10.2020
Денисовский дом культуры
Абайдың қара сөздері 18-19 \ СЛОВА НАЗИДАНИЯ АБАЯ - 18-19 СЛОВО
28.10.2020
Денисов дом культуры
Абайдың қара сөздері 18-19
27.10.2020
КАЛЕЙДОСКОП СОБЫТИЙ дом культуры
Мы сломали Голливуд, теперь я хочу наполнить его казахскими актерами – Жайдарбек Кунгужинов
27.10.2020
Майлинский дом культуры
Пусть душа наполнится добротой
27.10.2020
Майлинский дом культуры
Детский видео журнал "Волшебные слова"
27.10.2020
Майлин дом культуры
Жан мейірімділікке толсын
27.10.2020
Жангелдин дом культуры
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Торғай бекінісінің 175 жылдығына арналған «Көркейе бер, Торғайым!» атты облыстық онлайн ән байқауы!
27.10.2020
КАЛЕЙДОСКОП СОБЫТИЙ дом культуры
Основанная богатейшим китайцем компания отказалась от должностей
26.10.2020
Камыстинский дом культуры
Региональный фестиваль казахского танца "Мың бұралған бишілер"
26.10.2020
Камыстинский дом культуры
С днем рождения, Камысты!
26.10.2020
Камыстинский дом культуры
Открытие стелы Журавлеву М.Ф.
26.10.2020
Жангелдин дом культуры
Марапаттау! 9 қазан 2020 жыл
26.10.2020
Денисовский дом культуры
Прошла Республиканская Акция "я горжусь своим флагом"
26.10.2020
Житикаринский дом культуры
Праздничная программа ко Дню социального работника «Жан мейірімділікке толсын»
26.10.2020
Жітіқара дом культуры
"Jan meıirimdilikke tolsyn" áleýmettik qyzmetker kúnine arnalǵan merekelik baǵdarlamasy
ÓZGE JAŃALYQTAR
ЖАЗБА АЙТЫС: Байбатыр мен Дана
Автор: BAIQAÝLAR MEN FESTIVALDAR дом культуры
23.10.2020
Ary qaraı
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
Абайдың қара сөздері 18-19
Автор: Денисов дом культуры
28.10.2020
Ary qaraı
"Дәстүр мен ғұрып" Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар. "Асық ойыны"даму үстінде десек артық айтпаған болармыз. Жаз айларында Жангелдин ауданының Спорт және дене шынықтыру бөлімі басшылығымен аула бойынша балалар арасында жарыс өткізді. Жеңімпаз атанған оқушылар марапатқа ие болды. Сол сияқты көнеден келе жатқан ұлттық құндылықтарымыздың бірі ұлттық ойынымыз "Асық ойыны" дамытылу үстінде.
Автор: Жангелдин дом культуры
28.10.2020
Ary qaraı
Жан мейірімділікке толсын
Автор: Майлин дом культуры
27.10.2020
Ary qaraı
Марапаттау! 9 қазан 2020 жыл
Автор: Жангелдин дом культуры
26.10.2020
Ary qaraı
Отбасы күні мерекесі. 11 қыркүйек 2020 жыл
Автор: Жангелдин дом культуры
26.10.2020
Ary qaraı
Конституция күні құтты болсын! 27 тамыз 2020 жыл
Автор: Жангелдин дом культуры
26.10.2020
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý