Bizdiń MıssııamyzOrtalyq qurylymyQostanaı obl. Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryGalereıaShyġarmashylyq shuġylasyAýyl tynysy«Tobyl - Torģai» áỳenderi«Shabyt qanatynda» jýrnalyBizdiń Jobalar
QOSTANAI OBLYSYNYŃ MÁDENIET ÚILERINIŃ AQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
«Tobyl - Torģai» áỳenderi
«Тобыл торғай әуендері» рубрикасының кейіпкері - Арысбек БАҒДӘУЛЕТҰЛЫ
09.03.2020
97
0

ӨЗІҢІЗДІ ТАНЫСТЫРЫП КЕТСЕҢІЗ?


Мен Арысбек Бағдәулетұлы 1994 жылдың 12 қаңтарында көпбалалы отбасында,  Моңғолия мемлекеті Бай Өлке аймағында дүниеге келдім. Артымнан ерген бес қарындасым бір інім бар.   2009 жылы ата-қоныс,  ата-жұртым Қазақстанға көшіп келдік. Соңғы екі егіз қарындасым Қазақ еліне қоныстанғаннан кейін 2013 жылы дүниеге келген. 2013 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ -нің филология факультетіне түсіп,  оны 2017 жылы тәмәмдадым.  2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы "Маңғыстау медия" ЖШС да журналист болып қызмет атқардым,  2018-2019 жылдары Комазист болып еңбек еттім.  2019 жылдың қыркүйегінен бастап Жданов орта мектебіне Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызметке тұрдым.
 

ӨНЕРГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІҢІЗ?


Жылпы біз қазақ тектімізғой. Мен де тектінің ұрпағымын, арғы аталарым ақын, күйші, композитор  сал-сері болған. Сол аталарымнан дарыған болар, өнерге жастайымнан әуес болдым.  Балабақша кезден-ақ жеңіл-желпі тақпақтан гөрі Абай өлеңдерін жаттауға құштар болдым.  Мұхтар Әуезов айтқандай  "Тәрбие тал бесіктен"-деп, тәлімін де тәрбиесін де аямаған әкем мен анам да  осы күнге жетуіме үлкен рөл атқарды.  Әкем Бағдәулет кез-келген музыкалық аспапта еркін ойнап, ән салғанда құлақтың құрышын қандыратын ерекше дауыс иесі. Ақындығы да жоқ емес.
 

ҚАШАННАН БАСТАП ӘН ЖАЗА БАСТАДЫҢЫЗ, БІРІНШІ ШЫҚҚАН ӘНДЕРІҢІЗГЕ ТОҚТАЛЫП КЕТСЕҢІЗ?


Мектеп қабырғасында жүргенде  Шәмші Қалдаяқов атамызға іс-шара өткізетін болды, сол шарада оқиын деп Шәмшіге арнап өлең шығарған едім, келесі күні болатын  мерекеге дайындалып,  сол өлеңді кешке қарай қайта-қайта  мәнерлеп оқып отырғанымда құлағыма сазды әуен келе бастады,  сөйтіп келесі күні өлең оқымай сол өлеңіме тосыннан шыққан әнді айттым. Ол кезде ешқандай да музыкалық аспапта ойнай алмайтын едім.  Қателеспесем алтыншы сыныпта оқып жүрген кезім. Содан бастап  ән шығаруға,  сазгерлікке қызығушылығым оянып,  рухани іздене түстіп.  Екінші әнім Мектебім деген ән, оның да өлеңін өзім жаздым,  жасыратыны жоқ, әкем түзетулер мен өңдеулер енгізіп тұрды. Қанша дегенмен қырықтағы ақыл тоқтатқан асқар тауымның алдында мен жәй ғана жотамынғой. 
2012 жылы Федоровка ауданында үлкен конкурс болды. Федоровканың гимні болатын ән керек деп. Сөйтіп Марғұлан Әбдібек ағам ән шығарып мен сөзін жазып, конкурста біздің ән бірінші орын алып, әніміз сол ауданның гимні болды.  2013 жылы  ҚМУ ға оқуға  түскенде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ақын Әсия Беркеновамен таныстым. Менің бірінші ұстазым әкем болса екінші ұстазым Әсия Беркенова болды. Ол ұстазымнан көп нәрсе үйрендім. Бір күні жанына шақырып алып, ән шығарып көр деп, екі өлең берді. Ол  "Балалық" және "Науырзым" деген өлеңдер болатын. Солай шығармашылық байланыс құрдық. Университет қабырғасында жүргенде ешқандай  таныстыруды талап етпейтін   Ақылбек Шаяхметпен таныстым. Менің өнердегі  ұстазым Ақылбек Шаяхмет маған көп бағыт-бағдар берді. Жаман болған жоқпын.  "Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы" демей ме!?  
Ақылбек ұстазыммен де шығармашылық байланыс құрдым. Маған "Өмір" атты өлеңін берген оған бір жақсы ән шығардым.  Бұйырса Меруерт Түсіпбаеваның репертуарынан тыңдап қаласыздар.

 

ҚАЗІРГІ ЖАҢА ШЫҒЫП ЖАТҚАН ӘНДЕРГЕ КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?


Көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен көңілім толмағанды қойып ит жынымды келтіретін әндер бар. Оның қайсы бірін айтайын?!  Ең бастысы қазақы бояуы бар, мәні мен мағынасын жоғалтпаған әндер де көп. Мысалы өзіме қатты ұнайтын әндердің авторларын атай кетсем, Қалибек Деріпсалдин,  Ерғали Көшербаев,  Марғұлан Оспанов,  Шынберген Сүлейменов сынды тағы да көптеген композитор ағаларымды айтар едім. Осы орайда бір ұсынысым,  есті әндерді көбірек дәріптеп,  ән деуге келмейтін сандырақбайлардың әкәку-сәкәкулеріне тосқауыл қою керек сияқты.  Біз шет елге олардың әндеріне  еліктеп емес,  өзімізге ғана тән ерекшелікпен танылуымыз керек.
 

АЛДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОСПАРЫҢЫЗ?


Алғаш ән шығара бастағанда Мейрамбек Бесбаев, Роза  Әлқожа,  Меруерт Түсіпбаева,  Сәкен Майғазиев сынды бала кезден бергі сүйсініп  тыңдап келе жатқан әншілерім менің де әндерімді орындаса-ғой деп армандайтынмын. Сол арманыма жетуге  жақындап қалдым. Роза Әлқожа "Жаңбыр әні",  Меруерт Түсіпбаева "Себепсіз сағыныш" деген әнімді орындап жүр,  бұйырса  "Өмір" атты  әнімді де жарыққа шығармақ. Бала арманыма толықтай жетуді мақсат етемін. Мұхаммеджан Тазабеков көкемнің бір сөзі бар еді,  "Арман ол алаулаған жалынды отты тамызатын тамыздықтай жалт етіп жанып, тез сөнуі керек.  Егер көп армандай берсең қияли болып кетесің" деген. Түйгенім арман - тамыздық болса, мақсат - жалындаған от. Осы орайда Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін" деген өлеңінен үзінді келтірер болсақ,  "
... Көздерінде от ойнар, 
Сөздерінде жалын бар. 
Жаннан қымбат оларға ар, 
Мен жастарға сенемін"-деп едіғой. Ұлылар ұлағатымен қасиетті өнерге, халқымызға адал қызмет атқару басты жоспар-мақсатым.

Pikirler (0)
Jiberỳ
Мәдениет үйінің жаңалықтары
Бөлімге өтіңіз >>
27.03.2020
BASTY дом культуры
«КӘМШАТ БӨРІК» ӘНІНІҢ АВТОРЫ КІМ?
20.03.2020
ÁDISTEMELIK BΌLIM дом культуры
Қазақ тіліндегі сериалдар онлайн көру
20.03.2020
МЕТОДИЧЕСКИЙ РАЗДЕЛ дом культуры
СМОТРЕТЬ ФИЛЬМЫ КАЗАХСТАНСКОГО КИНО
18.03.2020
г. Рудный дом культуры
«Ән – көңілдің ажары»
17.03.2020
Главная дом культуры
ВИКТОР ЛАЗАРЕВ: О КУЛЬТУРЕ И НЕ ТОЛЬКО...
16.03.2020
Мендыкаринский дом культуры
"Ақмаржан" деп ән салған...
11.03.2020
г. Рудный дом культуры
Конкурс красоты "А, ну-ка, девушки!"
10.03.2020
г. Рудный дом культуры
«Масленица разгульная!»
10.03.2020
Камыстинский дом культуры
«С любовью к Женщине!»
10.03.2020
Камыстинский дом культуры
Видеопоздравление для камыстинских милых дам!
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
«Сыйынар ем Ана деген тәңірге!»
Автор: Денисов дом культуры
06.03.2020
Ary qaraı
8 наурыз
Автор: Денисов дом культуры
06.03.2020
Ary qaraı
"Абай дүниетанымы"
Автор: Жітіқара дом культуры
04.03.2020
Ary qaraı
“Ұлы халықтың - ұлы Абайы”
Автор: Қарасу дом культуры
02.03.2020
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý