Bizdiń MıssııamyzOrtalyq qurylymyQostanaı obl. Halyqtyq (Úlgili) ujymdaryQostanaı obl.metsenattar klýbynyń laýreattaryFoto jáne beine galereiasyOBLYSTYQ MÚ SAITTARYSuhbat jáne tikelei efirlerAýyl tynysy«Tobyl - Torģai» áỳenderi«Shabyt qanatynda» jýrnalySuraq-jaýap
QOSTANAI OBLYSYNYŃ MÁDENIET ÚILERINIŃ AQPARATTYQ PORTALY
Qostanaı oblysy ákimdiginiń mádenıet basqarmasynyń
№1 Qazaqstanda
«Tobyl - Torģai» áỳenderi
Облыстық «Жас тұлпар» оқушы ақындар айтысы қарсаңында жас ақын Нығметов Даниярмен сұхбат
14.02.2020
507
0
Өзіңізді таныстырып өтсеңіз, айтыс өнеріне қалай келдіңіз?

Өзім жайлы айтар болсам, Нығметов Данияр  Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы боламын. Айтыс өнеріне келетін болсақ, Мұқағали атамыз айтқандай:

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өзі айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
Шекпен жауып, өзіне қайтарамын – дегендей әр қазақ баласы өлең шығара алады әр қазақ баласының бойында жыр ұшқыны бар деп ойлаймын. 


Ең алғаш айтыс сахнасына 9 сынып оқып жүргенімде шықтым. Айтысқа келуім бірінші Алланың қалауы болса, екінші болам деген баланың бетін қақпай тілеулес болып отырған ата-ананың арқасы деп білемін. Бұлақ көрсең көзін аш дегендей білім ордамыздың ұстаздары әдебиет, айтыс өнеріне  қызығушылығымды  арттырды. 



Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп- интернатында   өткен «Қазіргі айтыс: жетістіктер мен кемшіліктер»  тақырыбындағы шеберлік сағатынан алған әсеріңіз?

Айтыстың ақтаңгері Айбек ағамыздың өткізген шеберлік сағатынан өте жақсы әсер алдым. Айтыстың қыр сырын суырыпсалмалық мәселесін, әртістік қабілет  болу керектігін айтып, біздей жас ақындарға жол көрсетіп батасын берген болатын.

Ыбырай атындағы ол мектепте,
Талай текті тұлғаның сыры қалған.
Мен дағы сол тектінің жолымен, 
Намыстың құламайтын туын алғам.

Қазағымның маңдай бағы бес елі екен,
Айбектей ақтаңгердің жыры қалған.
Менің де маңдай бағым бес елі екен
Ақтаңгердің өзінен білім алған

 

Республикалық айтысқа қатысып, үлкен сахнада өнер көрсетіп келдіңіз  сол жөнінде айтып өтсеңіз?

Республикалық «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты айтысқа келер болсақ,  Алматы қаласының қақ төрінде 21 қараша күні өткен болатын. Айтыс өте жоғары деңгейде өтті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен іріктелген 16 айтыс ақыны бақ сынаған айтыста төрағалық еткен Жүрсін Ерман бастаған елімізге белгілі Серік Қалиев, Талант Арынғали, Рүстем Қайыртай сынды ақын ағаларымыз қазылық еткен болатын. Ондай айтысқа қатысудың өзі үлкен мәртебе деп ойлаймын. Ал сен тұр мен атайын деген жүйріктердің арасынан оза шауып елдің ықыласына бөлену бөлек әңгіме басқаша сезім. Барша Тобыл Торғай елі сенім артып, үкілеп жібергеннен соң елімді көш соңында қалдырмауға тырыстым.


Облыстық  «Жас тұлпар» оқушы ақындар  айтысына дайындығыңыз қалай?

Наурыздың 20 күні өтетін дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық
«Жас тұлпар» оқушылар айтысына дайындығым жақсы деп айта аламын.
Берілген тақырып «Ыбырай жаққан шамшырақ» Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған тұңғыш мектебінің 135- жылдығына арналады. Тақырыпты кеңінен ашып жақсы айтыс жасауға, сеніп отырған Сарбай елін көш соңында қалдырмауға тырысамын.
Pikirler (0)
Jiberỳ
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
bólimge ótý >>
04.12.2020
КАЛЕЙДОСКОП СОБЫТИЙ дом культуры
Выбран казахстанский фильм, претендующий на "Оскар"
03.12.2020
г. Костанай дом культуры
Муниципальный духовой оркестр под руководством А. Губенко
03.12.2020
Карабалыкский дом культуры
"Әндетіп, гүлдене бер, Қазақстан!!!"
03.12.2020
Қарабалық дом культуры
"Әндетіп ,гүлдене бер, Қазақстан!!!"
03.12.2020
Карабалыкский дом культуры
Карабалыкский районный Дом культуры поздравляет с международным днём инвалидов
03.12.2020
Қарабалық дом культуры
Қарабалық аудандық Мəдениет үйі халықаралық мүгедектер күнімен құттықтайды!
03.12.2020
Карабалыкский дом культуры
Новогодний конкурс от Карабалыкского районного Дома культуры
03.12.2020
Қарабалық дом культуры
Қарабалық аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Жаңажылдық отбасылық байқау өтеді Қатысып жаңажылдық ұтысқа ие бол!!!
03.12.2020
BASTY дом культуры
ТУҒАН ЕЛІН ТАЛМАЙ ЖЫРЛАҒАН
03.12.2020
КАЛЕЙДОСКОП СОБЫТИЙ дом культуры
Нам руки связал карантин...
03.12.2020
КАЛЕЙДОСКОП СОБЫТИЙ дом культуры
Жизнь для блага дана
02.12.2020
Денисовский дом культуры
Абайдың қара сөздері 26\ СЛОВА НАЗИДАНИЯ АБАЯ - 26 СЛОВО
02.12.2020
Денисов дом культуры
Абайдың қара сөздері 26
02.12.2020
Сарыкольский дом культуры
Онлайн-концерт посвященный Дню Первого Президента Республики Казахстан
02.12.2020
Сарыкөл дом культуры
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған онлайн-концерт!
02.12.2020
Жітіқара дом культуры
Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арнайы ұйымдастырылған "Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп..." атты аймақтық онлайн ақындар айтысы өткізілді.
02.12.2020
Жітіқара дом культуры
Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы
02.12.2020
Жітіқара дом культуры
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!!!
02.12.2020
Жітіқара дом культуры
Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін "Жітіқара дауысы" ән байқауының I туры аяқталды.
01.12.2020
Галерея фото и видео дом культуры
Художественный фильм «Железная гора»
ÓZGE JAŃALYQTAR
MÁDENIET ÚILERINIŃ JAŃALYQTARY
"Әндетіп ,гүлдене бер, Қазақстан!!!"
Автор: Қарабалық дом культуры
03.12.2020
Ary qaraı
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!!!
Автор: Жітіқара дом культуры
02.12.2020
Ary qaraı
Абайдың қара сөздері 26
Автор: Денисов дом культуры
02.12.2020
Ary qaraı
«ТУҒАН ЖЕР»
Автор: Рудный қ. дом культуры
30.11.2020
Ary qaraı
ӘН: «ҚҰРБЫМ ЖАН ҚҰРБЫМ»
Автор: Рудный қ. дом культуры
30.11.2020
Ary qaraı
«Әдет - ғұрып» айдары
Автор: Рудный қ. дом культуры
30.11.2020
Ary qaraı
Baılanys aqparattary:
Qostanaı oblysy ákimdigi mádenıet basqarmasynyń "Oblystyq qórkemónerpazdardyń halyq shyǵarmashylyǵy men kınobeıneqor ortalyǵy" KMQK
Zańdy mekenjaıy:
110000, Qazaqstan Respýblıkasy, Qostanaı q.,
Lermontov kόshesi, 15
Rekvızıtter:
BIN 990340002744
IIK KZ106010221000002720
AQ «Qazaqstan Halyq Banki»
BIK HSBKKZKX
Telefony:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Kirý